https://sputnik.kz/20220202/qazaqstan-investitsiya-22446132.html
Өткен жылы Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 7,3%-ға өсті
Өткен жылы Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 7,3%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр екі өңірдегі әкім орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T15:26+0500
2022-02-02T15:26+0500
2022-02-02T15:26+0500
экономика
қазақстан
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. 2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 триллион теңгені құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3%-ға артық, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді.Инвестициялар өсімінің негізгі локомотивтері экономиканың шикізаттық емес секторлары болды. Мәселен инвестициялардың нақты көлем индекстері өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есе, құрылыста 1,2 есе, ауыл шаруашылығында 1,3 есе өсті.Республика бойынша негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша жылдық жоспар 94%-ға орындалды. Нысаналы көрсеткіштер Шымкент қаласында (115,5%), Ақтөбе (101,8%) және Қостанай (101,3%) облыстарында асыра орындалды.Қарағанды облысында (99,9%), Алматы қаласында (99,8%), Атырау (99,1%), Жамбыл (97,4%), Павлодар (96,2%) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (96,1%) сәл артта қалушылық бар.Шығыс Қазақстан (92,1%) және Маңғыстау (90,8%), Алматы (89,7%), Ақмола (89,4%), Түркістан (82,5%), Солтүстік Қазақстан (80,4%) облыстарында жоспар орындалмаған.Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан (69,6%) және Қызылорда (66,4%) облыстарында тіркелді.Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша аталған екі өңір әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 49%-ға артып, $18,7 миллиардты құрады.Қазақстан экономикасына іс жүзінде барлық негізгі инвестор елдер бойынша капитал ағынының өсуі байқалады. Топ-10 инвестор мемлекеттің қатарына Нидерланды, АҚШ, Швейцария, ҚХР, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Түркия, Оңтүстік Корея және Франция кірді."Көш соңында қалған өңірлер белгіленген KPI қатаң сақтау қажеттігіне назар аударуға тиіс. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбегені үшін әкімдерге дербес жауапкершілік жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырсын", — деді Смайылов.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, инвестиция
Өткен жылы Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 7,3%-ға өсті
Премьер-министр екі өңірдегі әкім орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. 2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 триллион теңгені құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3%-ға артық, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді.
Инвестициялар өсімінің негізгі локомотивтері экономиканың шикізаттық емес секторлары болды. Мәселен инвестициялардың нақты көлем индекстері өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есе, құрылыста 1,2 есе, ауыл шаруашылығында 1,3 есе өсті.
"Өңдеу өнеркәсібінде өсімінің неғұрлым жоғары көрсеткіштеріне металлургияда (+27%), тоқыма өндірісінде (+28%), фармацевтикада (+39%), химия өнеркәсібінде (+55%), минералдық өнімдерде (+100%) қол жеткізілді", - делінген хабарламада.
Республика бойынша негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша жылдық жоспар 94%-ға орындалды. Нысаналы көрсеткіштер Шымкент қаласында (115,5%), Ақтөбе (101,8%) және Қостанай (101,3%) облыстарында асыра орындалды.
Қарағанды облысында (99,9%), Алматы қаласында (99,8%), Атырау (99,1%), Жамбыл (97,4%), Павлодар (96,2%) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (96,1%) сәл артта қалушылық бар.
Шығыс Қазақстан (92,1%) және Маңғыстау (90,8%), Алматы (89,7%), Ақмола (89,4%), Түркістан (82,5%), Солтүстік Қазақстан (80,4%) облыстарында жоспар орындалмаған.
Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан (69,6%) және Қызылорда (66,4%) облыстарында тіркелді.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша аталған екі өңір әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 49%-ға артып, $18,7 миллиардты құрады.
Қазақстан экономикасына іс жүзінде барлық негізгі инвестор елдер бойынша капитал ағынының өсуі байқалады. Топ-10 инвестор мемлекеттің қатарына Нидерланды, АҚШ, Швейцария, ҚХР, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Түркия, Оңтүстік Корея және Франция кірді.
"Көш соңында қалған өңірлер белгіленген KPI қатаң сақтау қажеттігіне назар аударуға тиіс. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбегені үшін әкімдерге дербес жауапкершілік жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырсын", — деді Смайылов.