https://sputnik.kz/20220202/nazarbaev-oklettik-ayyryld-22395932.html
Назарбаевпен келісілмейді: Елбасы тағы қандай өкілеттіктен айырылды
Назарбаевпен келісілмейді: Елбасы тағы қандай өкілеттіктен айырылды
Бұған дейін сенаторлар "Тұңғыш президент – Елбасы" туралы Конституциялық заңға өзгерістерді қабылдады 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T11:45+0600
2022-02-02T11:45+0600
2022-02-02T11:51+0600
назарбаев
елбасы
өкілеттік
саясат
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19236841_0:137:2166:1355_1920x0_80_0_0_29f54e4694e517131682bbe94f2e1987.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Парламент елдің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы алып тастады. Конституциялық заң президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін сенаторлар "Тұңғыш президент – Елбасы" туралы Конституциялық заңға өзгерістерді қабылдады. Оған сәйкес, Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылды.Алайда заң жобасын қарау барысында сенат Елбасымен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынып, Конституциялық заң жобасын мәжіліске қайтарды.Бүгін, 2 ақпанда өткен мәжіліс отырысында депутаттар сенат енгізген өзгерісті мақұлдады.Мәжіліс депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Парламент қабылдаған Конституциялық заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттіктері Қазақстан президентіне берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19236841_32:0:2068:1527_1920x0_80_0_0_945ef807311b4aed48d52cfd1662327f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
назарбаев, елбасы, өкілеттік
Назарбаевпен келісілмейді: Елбасы тағы қандай өкілеттіктен айырылды
11:45 02.02.2022 (жаңартылды: 11:51 02.02.2022) Бұған дейін сенаторлар "Тұңғыш президент – Елбасы" туралы Конституциялық заңға өзгерістерді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Парламент елдің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы алып тастады. Конституциялық заң президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін сенаторлар "Тұңғыш президент – Елбасы" туралы Конституциялық заңға өзгерістерді қабылдады. Оған сәйкес, Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылды.
Алайда заң жобасын қарау барысында сенат Елбасымен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынып, Конституциялық заң жобасын мәжіліске қайтарды.
Бүгін, 2 ақпанда өткен мәжіліс отырысында депутаттар сенат енгізген өзгерісті мақұлдады.
"Заң жобасын парламент сенатында қарау барысында қосымша түзету енгізілді. Атап айтқанда, сенат мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасымен келісуді көздейтін бапты алып тастауды ұсынды. Себебі Конституцияға сәйкес, республика президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Сондай-ақ ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді. Қорыта айтқанда, парламент енгізген өзгеріспен келісуді ұсынамыз", - деді мәжілісмен, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.
Мәжіліс депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Парламент қабылдаған Конституциялық заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттіктері Қазақстан президентіне берілді.