https://sputnik.kz/20220202/malayziya-kompaniya-investitsiya-zhoba-22455299.html
Малайзиялық компания Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Малайзиялық компания Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Sputnik Қазақстан
Малайзиялықтар Қазақстанда мұнай-газ жабдықтарын шығаруға инвестиция құюды көздеп отыр 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T21:26+0500
2022-02-02T21:26+0500
2022-02-02T21:26+0500
экономика
жоба
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22453403_17:0:675:370_1920x0_80_0_0_9e862986aea3672271018eed49737c38.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Малайзиялық инвесторлар Қазақстанның мұнай-газ кәсіпорындары үшін жабдықтар шығаруды жоспарлап отыр.Өзара түсіністік туралы меморандумға Kaz Elektro Serve Ltd (Elektro Serve (M) Sdn Bhd еншілес компаниясы) және IMBC қауымдастығы арасында қол қойылды. Жоба "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.Carbotrade-Absoger және Ingeteam тобына кіретін Indar сияқты еуропалық компаниялар осы жобаны жүзеге асыруға қосылуды жоспарлап отыр. Компаниялар технологияларды ерте кезеңде беру арқылы көмек көрсетуге ниетті."Құжатқа қол қою ұзақ және табанды келіссөздердің нәтижесі деуге болады. Қазақстанға ең заманауи технологиялар тартылады, Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндіру және электр энергетикасы салаларының қажеттіліктері үшін жаңа өндірістік қуаттар мен бірқатар қызметтер құрылады деп жоспарлануда", - деп атап өтті Kazakh Invest.Осы жобаны іске асыру да осы бағыттағы импорт көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.Тек 2020 жылы Қазақстан жалпы сомасы 343 миллион долларға сорғы жабдығын импорттады. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш шамамен 1,8 миллиард долларды құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22453403_99:0:592:370_1920x0_80_0_0_edfbbf41bfe2d8fa6eb78b862af34d47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоба, инвестиция
Малайзиялық компания Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Малайзиялықтар Қазақстанда мұнай-газ жабдықтарын шығаруға инвестиция құюды көздеп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Малайзиялық инвесторлар Қазақстанның мұнай-газ кәсіпорындары үшін жабдықтар шығаруды жоспарлап отыр.
Өзара түсіністік туралы меморандумға Kaz Elektro Serve Ltd (Elektro Serve (M) Sdn Bhd еншілес компаниясы) және IMBC қауымдастығы арасында қол қойылды. Жоба "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.
"Kaz Elektro Serve Ltd жоғарыда аталған серіктестермен бірлесіп Қазақстанда сорғылар, азот генераторлары және электр айналмалы машиналар (жоғары вольтты электр қозғалтқыштары мен генераторлар) өндірісін локализациялауды көздеп отыр. Әзірге инвестицияның нақты көлемі белгісіз", - деп хабарлады Kazakh Invest.
Carbotrade-Absoger және Ingeteam тобына кіретін Indar сияқты еуропалық компаниялар осы жобаны жүзеге асыруға қосылуды жоспарлап отыр. Компаниялар технологияларды ерте кезеңде беру арқылы көмек көрсетуге ниетті.
"Құжатқа қол қою ұзақ және табанды келіссөздердің нәтижесі деуге болады. Қазақстанға ең заманауи технологиялар тартылады, Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндіру және электр энергетикасы салаларының қажеттіліктері үшін жаңа өндірістік қуаттар мен бірқатар қызметтер құрылады деп жоспарлануда", - деп атап өтті Kazakh Invest.
Осы жобаны іске асыру да осы бағыттағы импорт көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Тек 2020 жылы Қазақстан жалпы сомасы 343 миллион долларға сорғы жабдығын импорттады. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш шамамен 1,8 миллиард долларды құрады.