https://sputnik.kz/20220202/kazastanda-adam-bank-22414654.html
Қазақстанда тек 3 миллион адамның банкте қарызы жоқ
Қазақстанда тек 3 миллион адамның банкте қарызы жоқ
Sputnik Қазақстан
Былтыр қазақстандықтар арасында бөлшек қарыз алу көп тіркелді 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T10:50+0500
2022-02-02T10:50+0500
2022-02-02T10:50+0500
қоғам
банк
кредит
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда тек үш миллион адамның банкте қарызы жоқ. Шамамен 6 миллион адамның қарызы бар. Бірінші кредиттік бюрода қазақстандықтардың қарызы туралы, оның ішінде ломбард және микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша барлық ақпарат сақталады. Бюро Қазақстанда адамның несие тарихын өшіруге немесе "тазартуға" мүмкіндік беретін механизм жоқ екенін жеткізді. Ұйым клиенттің кредит тарихына қандай да бір өзгеріс енгізе алмайды. Егер қате мәлімет болса, жүйедегі қатені банк түзеткен кезде деректер жаңартылады, деп хабарлады "Хабар24". Қазақстандықтардың нашар кредит тарихын жақсартудың бірнеше жолы бар. Біріншісі – жаңадан қарыз алған кезде банкке тек кейінгі 5 жылдағы кредит тарихын ұсыну. Мұндай жағдайда сол уақытқа дейінгі төлемді кешіктіру деректері банкке көрінбейді. Екінші жолы – кредит келісімшартын қалпына келтіруді пайдалану. Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиеваның айтуынша, азамат банкке қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіріп төлегеннен кейін ол 12 ай күтуі қажет. Сол аралықта басқа қарызы бойынша төлемді кешіктіруге болмайды. Мұндай жағдайда келісімшарт "қалпына келген" мәртебесін алады, алайда банк қарыз беруден бас тарта алады. Сондай-ақ тек 3 миллионға жуық қазақстандықтың банкте қарызы жоқ екені хабарланды. 2021 жылы бөлшек қарыздар 43%-ке өсті, осылайша 11 триллион теңгені құрады. Тұтынушылық қарыздардың сомасы 5 триллион теңгеден, ипотека – 3 триллион теңгеден асады. Былтыр автокөлікті қарызға алуға 65%-ке көп қазақстандық қызығушылық танытты, осылайша автонесиелеу сомасы триллион теңгеден асады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, кредит
Қазақстанда тек 3 миллион адамның банкте қарызы жоқ
Былтыр қазақстандықтар арасында бөлшек қарыз алу көп тіркелді
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда тек үш миллион адамның банкте қарызы жоқ.
Шамамен 6 миллион адамның қарызы бар. Бірінші кредиттік бюрода қазақстандықтардың қарызы туралы, оның ішінде ломбард және микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша барлық ақпарат сақталады.
Бюро Қазақстанда адамның несие тарихын өшіруге немесе "тазартуға" мүмкіндік беретін механизм жоқ екенін жеткізді. Ұйым клиенттің кредит тарихына қандай да бір өзгеріс енгізе алмайды.
Егер қате мәлімет болса, жүйедегі қатені банк түзеткен кезде деректер жаңартылады, деп хабарлады
"Хабар24". Қазақстандықтардың нашар кредит тарихын жақсартудың бірнеше жолы бар. Біріншісі – жаңадан қарыз алған кезде банкке тек кейінгі 5 жылдағы кредит тарихын ұсыну. Мұндай жағдайда сол уақытқа дейінгі төлемді кешіктіру деректері банкке көрінбейді. Екінші жолы – кредит келісімшартын қалпына келтіруді пайдалану.
Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиеваның айтуынша, азамат банкке қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіріп төлегеннен кейін ол 12 ай күтуі қажет. Сол аралықта басқа қарызы бойынша төлемді кешіктіруге болмайды. Мұндай жағдайда келісімшарт "қалпына келген" мәртебесін алады, алайда банк қарыз беруден бас тарта алады.
"Қалпына келген мәртебесі кредит алуға кепілдік бермейді. Ол банктің саясатына байланысты шешіледі. Кейбірі мұндай қауіпті клиенттерге қарыз береді, енді кейбірі тек сапалы клиенттермен жұмыс істейді. Бүгін маған Facebook-те бір қолданушы қарызды кешіктіріп төлегеніне байланысты мемлекеттік бағдарлама бойынша кредит ала алмай отырғанын айтты. Мемлекеттік бағдарламаларда талап өте қатаң. Ол жерде кейінгі екі жылда төлем бойынша 180 немесе 90 күннен артық ешқандай кідіріс болмауға тиіс", - деп түсіндірді Әсем Нұрғалиева.
Сондай-ақ тек 3 миллионға жуық қазақстандықтың банкте қарызы жоқ екені хабарланды. 2021 жылы бөлшек қарыздар 43%-ке өсті, осылайша 11 триллион теңгені құрады.
Тұтынушылық қарыздардың сомасы 5 триллион теңгеден, ипотека – 3 триллион теңгеден асады. Былтыр автокөлікті қарызға алуға 65%-ке көп қазақстандық қызығушылық танытты, осылайша автонесиелеу сомасы триллион теңгеден асады.