https://sputnik.kz/20220202/elorda-qurylys-kompaniyalar-litsenziya-22447841.html
Елордада жауапсыз құрылыс компанияларын лицензиядан айырады
Елордада жауапсыз құрылыс компанияларын лицензиядан айырады
Sputnik Қазақстан
Құрылысшыларға әкімдіктің тиісті рұқсатын немесе кепілдікті алғанға дейін үлескерлердің ақшасын тартуға тыйым салынды 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T16:09+0500
2022-02-02T16:09+0500
2022-02-02T16:09+0500
қоғам
лицензия
құрылыс
компания
https://sputnik.kz/img/1395/96/13959601_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_7781958ab8e999571741081f672351ff.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс компанияларына рұқсат алмай тұрып, жұмысқа кіріссе, лицензиядан айырылатынын ескертті.Қала әкімдігінде құрылыс компаниялары өкілдерімен нысандарды аяқтау мәселелері туралы кеңес өтті. Кездесуге құрылыс-монтаждау жұмысын баяулатқан, құрылысты аяқтау мерзімін кешіктірген, тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот өтіп жатқан немесе қаражаты тапшы құрылыс компаниялары қатысты.Елорда әкімі Алтай Көлгінов жауапсыз құрылыс компанияларына әкімдіктің тиісті рұқсатын немесе "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын тартса, онда "қара тізімге" енгізілетінін, ал материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатынын ескертті.Сондай-ақ құрылыс компаниялары рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріссе, лицензиясынан айырылуы мүмкін.Жауапсыз құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайты мен БАҚ бетінде тұрақты жарияланып тұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1395/96/13959601_284:0:3015:2048_1920x0_80_0_0_54540026ea0c28de9a508486d43b99b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
лицензия, құрылыс, компания
лицензия, құрылыс, компания
Елордада жауапсыз құрылыс компанияларын лицензиядан айырады
Құрылысшыларға әкімдіктің тиісті рұқсатын немесе кепілдікті алғанға дейін үлескерлердің ақшасын тартуға тыйым салынды
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс компанияларына рұқсат алмай тұрып, жұмысқа кіріссе, лицензиядан айырылатынын ескертті.
Қала әкімдігінде құрылыс компаниялары өкілдерімен нысандарды аяқтау мәселелері туралы кеңес өтті. Кездесуге құрылыс-монтаждау жұмысын баяулатқан, құрылысты аяқтау мерзімін кешіктірген, тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот өтіп жатқан немесе қаражаты тапшы құрылыс компаниялары қатысты.
"Бұл "ЭРА" ЖШС, "Роз Тал" ЖШС жеке нысандары және тағы басқа. Мәселен, "Лея" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2016 жылы басталған. "За рекой" ТҚК ұйымына жұмысты жандандырып, нысанды биыл аяқтау тапсырылды", - делінген әкімдіктің ресми сайтында.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов жауапсыз құрылыс компанияларына әкімдіктің тиісті рұқсатын немесе "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын тартса, онда "қара тізімге" енгізілетінін, ал материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатынын ескертті.
Сондай-ақ құрылыс компаниялары рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріссе, лицензиясынан айырылуы мүмкін.
Жауапсыз құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайты мен БАҚ бетінде тұрақты жарияланып тұрады.