Өңірлер

Екібастұзда 10 жыл халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Ресей оған федералдық және халықаралық іздеу жариялаған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Екібастұз қаласында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Қазіргі кезде оны Ресейге экстрадициялау шаралары басталды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы айтты.
Көрші елдің тергеу органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2012 жылы Чита қаласында бір топ жігіт қызды зорлап кеткен. Қылмыскерлер ұсталды. Бірақ біреуі бой тасалап қалды.
Сол кезде Читаның орталық соты іздеу ісін бастап, қашқынды ұстауға санкция берген.
Араға он жыл салып, айыпталушының жүрген жері анықталды. 28 жастағы ер адам Екібастұз қаласында ұсталды. Оны қылмыстық жазаға тарту мерзімі өткен жоқ.
Осыған байланысты Екібастұз қаласының аудандық соты оны 40 тәулікке қамауға шешім шығарды.
"Ұсталған ер адам 2021 жылдың желтоқсан айынан бері Павлодар қаласының тергеу изоляторына отыр. Қаулыға сәйкес, шешім күшіне енгеннен кейін Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 594-бабы, 1-тармағы бойынша ол Ресейге тапсырылады ", - деді АП-162/1 мекемесінің бастығы Ардак Имангалиев.
Бас прокуратура да көрші елдің әріптестері жіберген сұрауға оң жауап берді.
Оқи отырыңыз: Аяжан Еділованың өлімі: сот күдіктіге үкім шығарды
Жаңалықтар
0