Қоғам

Депутаттар спикер күткен сұрақты қоймады: Қошанов өз ұсынысын айтты

© Sputnik / Абзал Калиев"Прорастающие" тенге, инвестиции в сельское хозяйство, иллюстративное фото
Прорастающие тенге, инвестиции в сельское хозяйство, иллюстративное фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Отырыс барысында мәжіліс спикері аграрлық комитетке өз ұсынысын жолдады
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға ауыл шаруашылығындағы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоятын ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Төменгі палатаға баяндама жасауға ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев келді.
Отырыс барысында мәжіліс спикері аграрлық комитетке өз ұсынысын жолдады.
"Кеше жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша үлкен жиын өтті. Президент пен агенттік тарапынан ауыл шаруашылығы министрлігіне үлкен сын айтылды. Бұл жылдар бойы келе жатқан жемқорлық, бірінші кезекте субсидияға байланысты. Жемқорлық неге тамыр жайды? Біріншіден, лауазымды тұлғалардың жергілікті жерлердегі қолдарының таза еместігінен. Екіншіден, біздің заңдарымыз оған тосқауыл қоя алмайды. Мен бүгін осы мәселеге қатысты сұрақ бола ма деп күтіп едім. Өкінішке қарай, болмады", - деді Қошанов.
Спикер заң жобасын екінші оқылымда қарағанға дейін, депутаттарға министрлікпен бірлесіп, заң бойынша жемқорлыққа тосқауыл қоятын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
"Бұл менің депутат ретінде комитетке ұсынысым. Егер елмен хабарларыңыз болса, елде осы мәселе дүрлігіп, бүкіл ауыл адамдары қатты талқылап жатыр. Осы бойынша көптеген адам түрмеде отыр. Министр менің сөзімді дәлелдейді. Бұл енді сіздің кезіңізде ғана емес, бұрыннан келе жатқан, тамырын әбден тереңге жайған үрдіске айналды. Сондықтан осы мәселені министрлікпен бірге жақсылап талқылап, тосқауыл болатын ұсыныстар енгізіңіздер", - деді спикер.
Бұған дейін мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар өз сайлаушыларына жақын болуы керек екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
0