Қоғам

Депутаттар офшордан Қазақстанға қанша ақша қайтарылғанын жариялауды талап етті

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги, купюры, иллюстративное фото
Тенге, деньги, купюры, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Кейбір мәліметтер бойынша соңғы бес жылда Қазақстанның құқық қорғау органдары капиталды шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғаған
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған капиталды елге қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов халықтан ұрланған қыруар қаржыны елге қайтару маңызды мәселе деп санайды.
Айтуынша, "Ақ жол" фракциясы "Панама тізімі", "Райское досье" және Швейцария банктеріндегі қазақстандықтырдың шотына қатысты мәселені бірнеше рет көтеріп келеді.
"Tax Justice network" халықаралық ұйымының мәліметінше соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған. Бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең", - дейді Раманқұлов Қаржы мониторингі агенттігіне жолдаған депутаттық сауалында.
Кейбір мәліметтер бойынша соңғы бес жылда Қазақстанның құқық қорғау органдары капиталды шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғаған. Алайда нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз.
Сонымен қатар, қаңтар қасіретінде кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшағымен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарына аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар, деп жалғастырды мәжілісмен.
Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы агенттіктен Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылғаны туралы ақпарат беруді, сондай-ақ қаңтар оқиғалары кезінде шетелдегі есепшоттарға кімдер және қанша ақша аударғанын жариялауды талап етті.
Бизнес-расчеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Экономика
Мәжілісте жалақысы 120 мың теңгеден төмен азаматтарды табыс салығынан босату ұсынылды
"Сол қиын-қыстау күндері көлеңкелі капитал шетелге шығарылды деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсін. Бірақ шығарылған қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін", - деді Раманқұлов.
Депутаттар мұндай фактілер расталса, салық органдарынан капиталды шығару заңдылығын және тиісті салықтардың төленіп-төленбегенін тексеруді сұрады.
Жаңалықтар
0