https://sputnik.kz/20220202/bayterek-kholdinginin-basshysy-auysty-22453504.html
"Бәйтерек" холдингінің басшысы ауысты
"Бәйтерек" холдингінің басшысы ауысты
Sputnik Қазақстан
Жаңа басшы әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – "Сити" құрылымдарында бай тәжірибе жинақтаған 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T19:26+0500
2022-02-02T19:26+0500
2022-02-02T19:26+0500
қоғам
бәйтерек
тағайындау
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22452807_0:106:3073:1834_1920x0_80_0_0_1170fb97623d937f655ac1b980244597.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ұжымына жаңа төраға Қанат Шарлапаевты таныстырды, деп хабарлады үкіметтің ресми сайтыСмайылов "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Айдар Әріпхановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.Премьер-министр холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевты таныстыра отырып, оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – "Сити" құрылымдарындағы бай басқарушылық жұмыс тәжірибесін атап өтті.Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.Оқи отырыңыз: Президент сынынан кейін ҚДБ басшысы қызметінен кетті
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22452807_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_16a344eb344ad5d9283e9aa4110fbc9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бәйтерек, тағайындау
"Бәйтерек" холдингінің басшысы ауысты
Жаңа басшы әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – "Сити" құрылымдарында бай тәжірибе жинақтаған
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ұжымына жаңа төраға Қанат Шарлапаевты таныстырды, деп
хабарлады үкіметтің ресми сайты
Смайылов "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Айдар Әріпхановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Премьер-министр холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевты таныстыра отырып, оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – "Сити" құрылымдарындағы бай басқарушылық жұмыс тәжірибесін атап өтті.
"Бәйтеректің" алдына маңызды міндеттер қойылды. Бірінші кезекте – қаржыландырудың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру, экономиканың шикізаттық емес секторларын, АӨК және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Мемлекет басшысы аталған бағыттарға баса көңіл бөледі және холдинг жұмысынан тиімді нәтиже күтеді", — деді Смайылов.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.
Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.
2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.
2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.
2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.