Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы бекітіледі – Тоқаев

© Sputnik / Абзал КалиевПриспущенный флаг, Акорда
Приспущенный флаг, Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жазылу
Президент сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін айтты
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы бекітіледі. Бұл туралы президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес кезінде айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Тұжырымдама жобасы президент тапсырмасы бойынша әзірленген. Тоқаев жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланатынын айтты. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.
"Сонымен қатар кеңесте Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін айтты. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек", - делінген хабарламада.
Президент кейінгі жылдары бірқатар маңызды қадам жасалғанына назар аударды.
Айтуынша, кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді. Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 мың талап-арыз түскен. Соның тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шыққан. Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берген жоқ.
"Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек", - деді президент.
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әлі күнге дейін күнделікті сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келіп жүргенін айтты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев жемқорлық жайлы: министрлік пен әкімдер жауап беруі керек
Жаңалықтар
0