https://sputnik.kz/20220201/qantardagy-oqigalar-tergeu-22346243.html
Қазақстан қаңтардағы оқиғалардың тергеу нәтижесін жария етеді
Қазақстан қаңтардағы оқиғалардың тергеу нәтижесін жария етеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық құқық қорғаушылар қаңтардағы қайғылы оқиғаларға тергеуді өздері жүргізеді және оның нәтижесін әлем қауымдастығына ұсынады 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T18:41+0500
2022-02-01T18:41+0500
2022-02-01T18:41+0500
қасым-жомарт тоқаев
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0d/19139038_0:16:3071:1743_1920x0_80_0_0_effe0559e2bd6882ed3616e6b9fa3e7b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстан қаңтардағы оқиғаларды тергеу аяқталғаннан кейін оның нәтижесін жариялайды.Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия жөніндегі бас хатшысының арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесуі кезінде белгілі болды.Кездесу барысында арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты. Қазақстандық дипломат жақында ғана Қазақстанда болған оқиғалардың себебі мен салдары туралы әріптесіне әңгімелеп, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі тіршілікті қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларды баяндады, деп хабарлайды Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету және елді одан әрі табысты дамыту бойынша жаңа үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.Тараптар осы аталған мәселелерден басқа "Бір серіктес – бір жоспар" тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады.Біраз бұрын Тоқаев Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға халықаралық деңгейде тергеу жүргізуге қажеттілік жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0d/19139038_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_18a8970e4fe748f3bf42cef458279f74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тәртіпсіздік
қасым-жомарт тоқаев, тәртіпсіздік
Қазақстан қаңтардағы оқиғалардың тергеу нәтижесін жария етеді
Қазақстандық құқық қорғаушылар қаңтардағы қайғылы оқиғаларға тергеуді өздері жүргізеді және оның нәтижесін әлем қауымдастығына ұсынады
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстан қаңтардағы оқиғаларды тергеу аяқталғаннан кейін оның нәтижесін жариялайды.
Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия жөніндегі бас хатшысының арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесуі кезінде белгілі болды.
Кездесу барысында арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты. Қазақстандық дипломат жақында ғана Қазақстанда болған оқиғалардың себебі мен салдары туралы әріптесіне әңгімелеп, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі тіршілікті қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларды баяндады, деп хабарлайды Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан билігі жіті және толыққанды тергеу жүргізіп жатқаны және оның нәтижесі әлем қауымдастығына ұсынылатыны айтылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету және елді одан әрі табысты дамыту бойынша жаңа үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.
Тараптар осы аталған мәселелерден басқа "Бір серіктес – бір жоспар" тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады.
Біраз бұрын Тоқаев Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға халықаралық деңгейде тергеу жүргізуге қажеттілік жоқ екенін мәлімдеген болатын.