https://sputnik.kz/20220201/memlekettik-qyzmetshiler-toqaev-22344470.html
Қымбат дүние сатып алатын мемлекеттік қызметшілер қатаң бақылауға алынады – Тоқаев
Қымбат дүние сатып алатын мемлекеттік қызметшілер қатаң бақылауға алынады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған "Integrity check" әдісі қолданылатынын хабарлады 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T17:49+0500
2022-02-01T17:49+0500
2023-08-09T12:30+0500
қасым-жомарт тоқаев
шенеунік
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда."Еліміздің құқықтық жүйесі үшін мүлде жаңа институттар бар. Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған "Integrity check" әдісін атап өтуге болады. Әрине, бұл ұсынысты әлі де жан-жақты пысықтау қажет. Дегенмен халықаралық тәжірибеде мұндай тексерістер жақсы нәтиже көрсетуде", - деді Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте.Президент өз тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы әзірленгенін атап өтті. Құжатта сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған.Тоқаев тұжырымдама жобасын бекітетінін мәлімдеді. Алайда жұмыстың тиімділігін нақты нәтиже бойынша бағалайтынын ескертті."Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.Сондай-ақ президент жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жұмыстарын күшейту қажет екені айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шенеунік
қасым-жомарт тоқаев, шенеунік
Қымбат дүние сатып алатын мемлекеттік қызметшілер қатаң бақылауға алынады – Тоқаев
17:49 01.02.2022 (жаңартылды: 12:30 09.08.2023) Президент шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған "Integrity check" әдісі қолданылатынын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Еліміздің құқықтық жүйесі үшін мүлде жаңа институттар бар. Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған "Integrity check" әдісін атап өтуге болады. Әрине, бұл ұсынысты әлі де жан-жақты пысықтау қажет. Дегенмен халықаралық тәжірибеде мұндай тексерістер жақсы нәтиже көрсетуде", - деді Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте.
Президент өз тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы әзірленгенін атап өтті. Құжатта сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған.
Тоқаев тұжырымдама жобасын бекітетінін мәлімдеді. Алайда жұмыстың тиімділігін нақты нәтиже бойынша бағалайтынын ескертті.
"Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жұмыстарын күшейту қажет екені айтты.