Видео

Әскерилер жауынгерлік дайындықтың жаңа кезеңіне өтті

Жазылу
Батыс өңірлік қолбасшылығының "Қарабатан" полигонында барлаушылар оқу және бақылау атыстарының жаттығуларын орындады
Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс министрлігінің басшылығына жүктеген тапсырмасына орай, даярлау кезінде олардың жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруға ерекше назар аударылады.
Сабақтарды өткізу кезінде қазіргі қарулы қақтығыстарға тән тактикалық жағдай жасалады. Бөлімшелерді елді мекендерді қорғау және терроризмге қарсы операцияларға қатысу үшін қолданудың жаңа тәсілдері енгізілуде. Қазіргі заманғы ұрыстың ерекшеліктеріне, оқу барысында ахуалды барынша ұрыс жағдайына келтіріп өткізуге көңіл бөлінеді.
Барлаушылардың дайындық кезіндегі қиымлдарын видеодан тамашалыңз.
Жаңалықтар
0