https://sputnik.kz/20220201/Utilizatsiya-Zhasyl-damu-kompaniya-19252655.html
Жанат Самат "Жасыл даму" мемлекеттік компаниясын басқарады
Жанат Самат "Жасыл даму" мемлекеттік компаниясын басқарады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Жанат Самат экология министрлігі жанындағы Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдамалық орталығының бас директоры болған 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T12:47+0500
2022-02-01T12:47+0500
2022-02-01T14:02+0500
қоғам
компания
басшы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/19252412_0:0:1021:574_1920x0_80_0_0_38f211106297376893389225e5cbd48a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Утилизациялық алымның жаңа операторы "Жасыл даму" компаниясын Жанат Самат басқарады, деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.Бұған дейін президенттің тапсырмасымен утиль алымын жинайтын жекеменшік "Оператор РОП" компаниясының қызметі тоқтатылды. Оны мемлекеттік оператор – "Жасыл даму" компаниясы алмастырды.Қазір құзырлы органдар "Оператор РОП" компаниясына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бұрынғы оператордың функцияларын мемлекеттік компанияға беру процесі әлі аяқталған жоқ. Осыған байланысты "Жасыл даму" утилизациялық алым жинауды уақытша тоқтатты.Жанат Самат жайлы не білемізЖанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысында салық комитеті бөлімінде бас салық инспекторы болып бастады. Әртүрлі жылдары салық комитетінің түрлі бөлімдерінде бас салық инспекторы болды.2008 жылы Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін "Каспий" ӘӘК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.2014-2016 жылдары Қызылорда қаласында "Байқоңыр" ӘӘК ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.2019 жылы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.2020 жылдан экология министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдамалық орталығы" бас директоры қызметін атқарды.Тұрмысқа шыққан, үш баланың анасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/19252412_124:0:889:574_1920x0_80_0_0_e3c60fa0868921e76d51812521a81241.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
компания, басшы
Жанат Самат "Жасыл даму" мемлекеттік компаниясын басқарады
12:47 01.02.2022 (жаңартылды: 14:02 01.02.2022) Бұған дейін Жанат Самат экология министрлігі жанындағы Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдамалық орталығының бас директоры болған
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Утилизациялық алымның жаңа операторы "Жасыл даму" компаниясын Жанат Самат басқарады, деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы болып Жанат Самат тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін президенттің тапсырмасымен утиль алымын жинайтын жекеменшік "Оператор РОП" компаниясының қызметі тоқтатылды. Оны мемлекеттік оператор – "Жасыл даму" компаниясы алмастырды.
Қазір құзырлы органдар "Оператор РОП" компаниясына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бұрынғы оператордың функцияларын мемлекеттік компанияға беру процесі әлі аяқталған жоқ. Осыған байланысты "Жасыл даму" утилизациялық алым жинауды уақытша тоқтатты.
Жанат Самат жайлы не білеміз
Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысында салық комитеті бөлімінде бас салық инспекторы болып бастады. Әртүрлі жылдары салық комитетінің түрлі бөлімдерінде бас салық инспекторы болды.
2008 жылы Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін "Каспий" ӘӘК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2014-2016 жылдары Қызылорда қаласында "Байқоңыр" ӘӘК ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
2019 жылы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.
2020 жылдан экология министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдамалық орталығы" бас директоры қызметін атқарды.
Тұрмысқа шыққан, үш баланың анасы.