https://sputnik.kz/20220201/Nygmatulin-deputat-koshtasty-19250746.html
Нұрлан Нығматулин депутаттармен қоштасты
Нұрлан Нығматулин депутаттармен қоштасты
Sputnik Қазақстан
Нығматулин 10 жылға жуық мәжіліс төрағасы болғанын айтып, өзіне сенім білдіргендерге алғыс білдірді 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T09:46+0500
2022-02-01T09:46+0500
2022-02-01T14:59+0500
қоғам
нұрлан нығматулин
депутаттар
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16027695_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_822842b01d41cf3afededcb90c4612a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары спикер Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ұсыныс енгізді.Отырыста экс-спикер мінберге шығып, әріптестерімен қоштасты.Ол үш шақырылым бойы бірге жұмыс істеген барлық депутатқа, сенім білдірген сайлаушыларға, заң шығару жұмысын қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, тіпті, мәжіліске кірмеген саяси партияларға да өз алғысын айтты."Төменгі палатаның жұмысын насихаттаған журналистерге, сарапшыларға ризашылығымды білдіремін", - деп атап көрсетті экс-спикер.Нұрлан Нығматулин 2012 жылы алғаш рет мәжіліс төрағасы қызметіне сайланды. Сол жерде Nur Otan фракциясына жетекшілік етті. Ал 2014 жылы президент әкімшілігіне ауысып кетті.2016 жылы 22 маусымда алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болды. Содан бері төменгі палатаға жетекшілік етіп келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16027695_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b6e6d32b0d041955a9312f90a0b8e3bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нұрлан нығматулин, депутаттар
нұрлан нығматулин, депутаттар
Нұрлан Нығматулин депутаттармен қоштасты
09:46 01.02.2022 (жаңартылды: 14:59 01.02.2022) Нығматулин 10 жылға жуық мәжіліс төрағасы болғанын айтып, өзіне сенім білдіргендерге алғыс білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары спикер Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ұсыныс енгізді.
Отырыста экс-спикер мінберге шығып, әріптестерімен қоштасты.
"Биыл мәжіліс спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Бұл жолда, ең алдымен, Елбасымыз, Nur Otan партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі мемлекет басшысы, партиямыздың төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашан қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін" – деді Нығматулин.
Ол үш шақырылым бойы бірге жұмыс істеген барлық депутатқа, сенім білдірген сайлаушыларға, заң шығару жұмысын қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, тіпті, мәжіліске кірмеген саяси партияларға да өз алғысын айтты.
"Төменгі палатаның жұмысын насихаттаған журналистерге, сарапшыларға ризашылығымды білдіремін", - деп атап көрсетті экс-спикер.
Нұрлан Нығматулин 2012 жылы алғаш рет мәжіліс төрағасы қызметіне сайланды. Сол жерде Nur Otan фракциясына жетекшілік етті. Ал 2014 жылы президент әкімшілігіне ауысып кетті.
2016 жылы 22 маусымда алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болды. Содан бері төменгі палатаға жетекшілік етіп келді.