https://sputnik.kz/20220201/Et-kymbat-kala-19251994.html
Ең қымбат ет қай қалада сатылатыны белгілі болды
Ең қымбат ет қай қалада сатылатыны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Жалпы Қазақстанда 2021 жылы ет 9%-ке қымбаттаған 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T11:43+0500
2022-02-01T11:43+0500
2022-02-01T14:57+0500
өңірлер
ет
қымбатшылық
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1f/17739766_0:0:1271:715_1920x0_80_0_0_91abb287f3b10fd6caced126e0b8b677.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан — Sputnik. Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат ет Алматы мен елордада сатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Energyprom.kz.2022 жылдың қаңтар айының соңында Қазақстанда сиыр етінің бір килограмының орташа бөлшек сауда бағасы 2 236 теңгені құрады. Қой еті 2 418 теңгеге дейін, жылқы еті 2603 теңгеге дейін қымбаттады.Алты ай қатарынан бір килограмы 1 000 теңгеден жоғары бағада болған тауық етінің бағасы қаңтардың соңында 1 075 теңгені құраса, шошқа еті 1 855 теңгеге дейін қымбаттады.Ең қымбат елордада тіркелді. Мұнда сиыр еті - 2 506 теңге, қой еті - 2 987 теңге, жылқы еті - 3 015 теңге және тауық еті - 1 208 теңге.Алматыда сиыр еті – 2 325 теңге, қой еті – 2 920 теңге, шошқа еті – 2 060 теңге, жылқы еті – 2 939 теңгеден саудаланып жатыр.Алматы әкімдігі сиыр етінің төс-жауырын бөлігінің бір килограмын 2 050 теңгеден, яғни қаладағы орташа құнынан 13,5%-ке арзан сатып алуға болатын "ет дүңгіршектерін" іске қосқанын хабарлады.Алайда БАҚ-тың хабарлауынша, мұндай бағадағы ет сөрелерде пайда болғаннан кейін бірнеше сағатта-ақ сатылып, түстен кейінгі уақытта таусылып қалады.Жалпы, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2021 жылы ет пен құс етінің бағасы 8,6%-ке өсті. Ал бір жыл бұрын сектордағы баға өсімі 12,7%-ті құраған.Өткен жылы Маңғыстау облысында ет пен құс етінің бағасы бірден 14%-ке өсті. Шымкент пен Түркістан облысында сәйкесінше баға 11,8% және 11,3% - ке қымбаттағаны тіркелген.Елорда мен Алматыда ет пен құс етінің бағасы тиісінше 8%-ке және 8,2%-ке қымбаттады. Ал Қызылорда (5,4%-ке), Солтүстік Қазақстан (5,6%-ке) және Қостанай (5,9%-ке) облыстарында баға өсімі салыстырмалы түрде төмен болғаны анықталды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/1f/17739766_0:0:953:715_1920x0_80_0_0_0b53fbb38bb1120978519c8c80bc35ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, қымбатшылық
Ең қымбат ет қай қалада сатылатыны белгілі болды
11:43 01.02.2022 (жаңартылды: 14:57 01.02.2022) Жалпы Қазақстанда 2021 жылы ет 9%-ке қымбаттаған
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан — Sputnik. Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат ет Алматы мен елордада сатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды
Energyprom.kz. 2022 жылдың қаңтар айының соңында Қазақстанда сиыр етінің бір килограмының орташа бөлшек сауда бағасы 2 236 теңгені құрады. Қой еті 2 418 теңгеге дейін, жылқы еті 2603 теңгеге дейін қымбаттады.
Алты ай қатарынан бір килограмы 1 000 теңгеден жоғары бағада болған тауық етінің бағасы қаңтардың соңында 1 075 теңгені құраса, шошқа еті 1 855 теңгеге дейін қымбаттады.
Ең қымбат елордада тіркелді. Мұнда сиыр еті - 2 506 теңге, қой еті - 2 987 теңге, жылқы еті - 3 015 теңге және тауық еті - 1 208 теңге.
Алматыда сиыр еті – 2 325 теңге, қой еті – 2 920 теңге, шошқа еті – 2 060 теңге, жылқы еті – 2 939 теңгеден саудаланып жатыр.
Алматы әкімдігі сиыр етінің төс-жауырын бөлігінің бір килограмын 2 050 теңгеден, яғни қаладағы орташа құнынан 13,5%-ке арзан сатып алуға болатын "ет дүңгіршектерін" іске қосқанын хабарлады.
Алайда БАҚ-тың хабарлауынша, мұндай бағадағы ет сөрелерде пайда болғаннан кейін бірнеше сағатта-ақ сатылып, түстен кейінгі уақытта таусылып қалады.
Жалпы, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2021 жылы ет пен құс етінің бағасы 8,6%-ке өсті. Ал бір жыл бұрын сектордағы баға өсімі 12,7%-ті құраған.
Өткен жылы Маңғыстау облысында ет пен құс етінің бағасы бірден 14%-ке өсті. Шымкент пен Түркістан облысында сәйкесінше баға 11,8% және 11,3% - ке қымбаттағаны тіркелген.
Елорда мен Алматыда ет пен құс етінің бағасы тиісінше 8%-ке және 8,2%-ке қымбаттады. Ал Қызылорда (5,4%-ке), Солтүстік Қазақстан (5,6%-ке) және Қостанай (5,9%-ке) облыстарында баға өсімі салыстырмалы түрде төмен болғаны анықталды.