Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты болды
09:00 01.02.2022 (жаңартылды: 15:00 01.02.2022)
© Официальный сайт Президента КазахстанаРуководитель администрации президента Казахстана Ерлан Кошанов
© Официальный сайт Президента Казахстана
Жазылу
Ерлан Қошанов президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжілісте босаған депутаттық мандатты Ерлан Қошановқа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын", - делінген ОСК қаулысында.
Айта кетері, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш бергені белгілі болды. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы бұл мәселені мәжіліс қарауына енгізді.
Ерлан Қошанов туралы не білеміз
Ерлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
Әр жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі, көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, парламент мәжілісіндегі үкімет өкілі қызметтерін атқарған.
2012 жылы премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысының әкімі қызметіне келді.
2019 жылдың қыркүейек айында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Тоқаев мәжілісті не үшін сынға алды
28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жұмысына қатысты бірнеше ескерту жасады. Атап айтқанда, төменгі палатадағы партияның фракциясын "қайта жүктеу" қажеттігін мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, фракция депутаттары өзекті проблемаларды біліп қана қоймай, партия ұстанымын түсінікте тілде жеткізуі керек. Демагогияға да жол берілмеуі шарт.
"Сайлаушылармен тікелей диалог жасаған аса маңызды. Халықпен жиі кездесу керек, әсіресе, шалғай ауылдарға барған жөн. Депутаттық сауалдар формалды түрде жазылмауы тиіс. Мазмұны нақты және азаматтардың шынайы проблемаларын көрсетуі керек.", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына да ескерту жасады.
"Мәслихат депутатының белгісі аймақтық элитаның атрибуты және жоғары кабинеттерге кіруге рұқсат беретін зат емес. Бұл – адамның халықпен сайланғанын көрсететін белгі. Сондықтан ол халық мүддесі үшін жұмыс істеуі керек. Депутаттар осы маңызды айырмашылықты жете түсінуі керек. Әзірше, біздің депутаттарымыздың халық арасында тиісті беделі жоқ. Оны қайғылы қаңтар оқиғалары да айқын көрсетті", - деп атап көрсетті Тоқаев.