https://sputnik.kz/20220201/Erlan-koshanov-19250816.html
Парламент мәжілісінің жаңа төрағасы сайланды
Парламент мәжілісінің жаңа төрағасы сайланды
Sputnik Қазақстан
Ерлан Қошанов 2019 жылдың қыркүйегінен президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T09:51+0500
2022-02-01T09:51+0500
2022-02-01T14:59+0500
саясат
мәжіліс
төраға
кадрлық ауыс-түйіс
https://sputnik.kz/img/1233/90/12339024_0:1:2048:1153_1920x0_80_0_0_19a16ba2599eed5a9898c16686d6cdbc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ерлан Қошанов Нұрлан Нығматулиннің орнына келді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ұсыныс енгізді.Айта кетері, 2012 жылы Нұрлан Нығматулин алғаш рет мәжіліс төрағасы қызметіне сайланды. Сол жерде Nur Otan фракциясына жетекшілік етті. Ал 2014 жылы президент әкімшілігіне ауысып кетті.2016 жылы 22 маусымда алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болды. Содан бері төменгі палатаға жетекшілік етті.Ерлан Қошанов туралы не білемізЕрлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.Әр жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі, көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, парламент мәжілісіндегі үкімет өкілі қызметтерін атқарған.2012 жылы премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысының әкімі қызметіне келді.2019 жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1233/90/12339024_256:0:1793:1153_1920x0_80_0_0_03974ef9eb88d741d1559f15c35b7f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, төраға
Парламент мәжілісінің жаңа төрағасы сайланды
09:51 01.02.2022 (жаңартылды: 14:59 01.02.2022) Ерлан Қошанов 2019 жылдың қыркүйегінен президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ерлан Қошанов Нұрлан Нығматулиннің орнына келді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ұсыныс енгізді.
Айта кетері, 2012 жылы Нұрлан Нығматулин алғаш рет мәжіліс төрағасы қызметіне сайланды. Сол жерде Nur Otan фракциясына жетекшілік етті. Ал 2014 жылы президент әкімшілігіне ауысып кетті.
2016 жылы 22 маусымда алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болды. Содан бері төменгі палатаға жетекшілік етті.
Ерлан Қошанов туралы не білеміз
Ерлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
Әр жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі, көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, парламент мәжілісіндегі үкімет өкілі қызметтерін атқарған.
2012 жылы премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысының әкімі қызметіне келді.
2019 жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.