Экономика

"Қазақстан халқына" қорына бір күнде 40 млрд теңге түсті

© Sputnik / Владислав ВодневТенге отмечает 25-летний юбилей
Тенге отмечает 25-летний юбилей - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
16-28 қаңтар аралығында қор шотына барлығы 93,3 миллиард теңге аударылды
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорына түскен қаржының жалпы көлемі 100 миллиардқа жақындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 16-28 қаңтар аралығында қор шотына барлығы 93,3 миллиард теңге аударылды. Ал өткен жұма күні бірден 40,8 миллиард түскен. Атап айтқанда:
  • "ERG КӨМЕК" корпоративті қоры – 30 миллиард теңге;
  • "Халық" қайырымдылық қоры - 10 миллиард теңге;
  • Диас Төлеутайұлы Сүлейменов – 450 миллион теңге;
  • "Банк Центр Кредит" АҚ - 200 миллион теңге;
  • "Көліктік сервис орталығы" АҚ - 150 миллион теңге.
"Қор басшылығы қаражаттың қайда жұмсалғанын ашық көрсетіп, есеп беретінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бөлінеді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Негізгі мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу.
Қордың реквизиттері:
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, "ForteBank" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, "Bank RBK" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, "First Heartland Jusan Bank" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ078562203115118091 KZT, "Банк ЦентрКредит" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999,Кбе 18, KZ6594805KZT22034070 KZT, "Евразиялық банк" АҚ.
Оқи отырыңыз: Құлыбаевтар "Қазақстан халқына" қорына 10 млрд теңге аударды
Жаңалықтар
0