Өңірлер

Қарағандыда кәсіпкерді абайсызда атып тастаған геолог сотталды

© AP Photo / Rogelio V. SolisВыстрел из пистолета
Выстрел из пистолета - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Прокуратура Өскенбаевты адам өлтіру және атыс қаруын заңсыз тасымалдау фактісі бойынша жазаға тартып, 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында геолог пен кәсіпкер арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды. Жауапқа тартылған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 2019 жылы 12 маусымда Қарағанды облысы Шет ауданындағы Жамбыл кенішінен 10 шақырым шалғай жерде орналасқан елді мекенде болған. Сол күні жекеменшік фирманың өкілі Ж.М. Өскенбеков геологиялық барлау жасауға келген. Кәсіпкер С. Мақашов та ол жерге таласып жүріпті. Екеуі жанжалдасып қалған. Бизнесмен "Макаров" тапаншасын алып шығып, геологты қорқытпақшы болған. Бірақ ол қаруға жармасады. Тапаншаны алып қоямын дегенде оқ атылып, кәсіпкердің оң аяғына тиген.
Осыдан кейін Өскенбеков тапаншаны және көлікте жатқан оқтарды алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал жәбірленуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Геолог бір күннен кейін ұсталды.
Прокуратура Өскенбаевты адам өлтіру және атыс қаруын заңсыз тасымалдау фактісі бойынша жазаға тартып, 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап та қатаң жазаны талап етті. Бірақ сараптама қорытындысы және тағы басқа да материалдарды зерттеу кезінде айыпталушының қасақана адам өлтіргені дәлелденген жоқ.
Сот шешімімен Өскенбеков адамды абайсызда өлтіру және атыс қаруын заңсыз тасымалдау бойынша жауапқа тартылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал Қылмыстық кодекстің 62-бабы бойынша оның күзетпен ұстауда болған уақыты ескеріліп, жаза мерзіміне жатқызылды. Осыған байланысты геологты босатуға шешім шығарылды.
Сондай-ақ Өскенбеков жәбірленуші тарапының пайдасына 1 950 000 теңге материалдық залал және 4 000 000 теңге моральдық шығын өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0