Саясат

Тоқаев мемлекеттік хатшының өкілеттігін кеңейтті

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда, архивтегі сурет
Ақорда, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Мемлекеттік хатшы саяси партиялармен қарым-қатынаста президенттің атынан өкілдік етеді
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы жарлыққа өзгеріс енгізді.
Президент жарлығымен мемлекеттік хатшының бұрынғы функцияларына жаңа өкілеттіктер қосылды.
Енді мемлекеттік хатшы Қазақстан президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстар әзірлейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен парламент және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынаста президенттің атынан өкілдік етеді.
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді.
Бұған қоса "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Оқи отырыңыз: Лаңкестер төңкеріс жасауды көздеді – мемлекеттік хатшы
Сонымен қатар мемлекеттік хатшы:
  • әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша: білім, ғылым, мәдениет және спорттың;
мемлекет басшысы жанындағы мына консультативтік-кеңесші органдардың:
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия;
  • Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия;
  • Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия;
  • ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссия;
  • Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия;
  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия;
  • әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия;
  • Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия;
  • Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия;
  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді.
Президент тапсырмасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2022 жылы 5 қаңтарда Ерлан Қарин Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0