https://sputnik.kz/20220131/Zhatakhana-kasipkerler-tabys-19245556.html
Жатақхана салатын кәсіпкерлер қалай табыс табады – ресми мәлімет жарияланды
Жатақхана салатын кәсіпкерлер қалай табыс табады – ресми мәлімет жарияланды
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін төлемдерден бөлек, инвестордың өзі әрбір студенттен тұру үшін орташа есеппен 15-20 мың теңге төлем ала алады 31.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-31T10:57+0500
2022-01-31T10:57+0500
2022-02-01T15:30+0500
қоғам
жатақхана
студент
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/18/15559635_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_e7dd3e0a451383a8671725c0bab45cdf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жатақхана құрылысын ынталандыру шараларын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрлікке қарасты қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде барлық облыста жатақхана орындарының тапшылығы байқалады. Жалпы, 62 мың орын жетіспей тұр. Әсіресе, Алматы (22 мың) мен Нұр-Сұлтанда (17 мың орын) жатақханаға мұқтаж студенттер көп. Оған қоса, өткен жылдан бері мектеп бітірушілер санының айтарлықтай өскені байқалады.Мәселен, 2021 жылы 163 мыңнан астам түлек түлеп ұшса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 302 мыңға дейін жетуі мүмкін. Жатақханаға сұраныс та артады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін төлемдерден бөлек, инвестордың өзі әрбір студенттен тұру үшін орташа есеппен 15-20 мың теңге төлем ала алады. Сондай-ақ, жатақханада асхана, шаштараз және басқа да кәсіп ашып, қосымша табыс табуға мүмкіндік бар. Жатақхана салатын инвесторға "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы 2020-2025" аясында 9%-ға дейінгі банктік несиені субсидиялау және дайын жобалық-сметалық құжаттаманы ұсыну қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/18/15559635_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_0f40f69a462b1458d21cd045f2d177cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жатақхана, студент, кәсіпкер
жатақхана, студент, кәсіпкер
Жатақхана салатын кәсіпкерлер қалай табыс табады – ресми мәлімет жарияланды
10:57 31.01.2022 (жаңартылды: 15:30 01.02.2022) Мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін төлемдерден бөлек, инвестордың өзі әрбір студенттен тұру үшін орташа есеппен 15-20 мың теңге төлем ала алады
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жатақхана құрылысын ынталандыру шараларын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрлікке қарасты қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде барлық облыста жатақхана орындарының тапшылығы байқалады. Жалпы, 62 мың орын жетіспей тұр. Әсіресе, Алматы (22 мың) мен Нұр-Сұлтанда (17 мың орын) жатақханаға мұқтаж студенттер көп.
Оған қоса, өткен жылдан бері мектеп бітірушілер санының айтарлықтай өскені байқалады.
Мәселен, 2021 жылы 163 мыңнан астам түлек түлеп ұшса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 302 мыңға дейін жетуі мүмкін. Жатақханаға сұраныс та артады.
"Осы мәселені шешу үшін арнайы механизм әзірленді. Оған сәйкес, әрбір заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) студенттерге арналған жатақхана салып, табыс таба алады. Мәселен, жобаға қатысуға ниет білдірген құрылыс компаниясы өз қаражатына жатақхана салып, пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде әр орынға мемлекеттен төлем алады", - дейді орталық мамандары.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін төлемдерден бөлек, инвестордың өзі әрбір студенттен тұру үшін орташа есеппен 15-20 мың теңге төлем ала алады. Сондай-ақ, жатақханада асхана, шаштараз және басқа да кәсіп ашып, қосымша табыс табуға мүмкіндік бар.
Жатақхана салатын инвесторға "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы 2020-2025" аясында 9%-ға дейінгі банктік несиені субсидиялау және дайын жобалық-сметалық құжаттаманы ұсыну қарастырылған.