Саясат

Тоқаев Алматы әкімін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Экс-әкім Бақытжан Сағынтаевтың қандай жұмысқа ауысқаны әлі хабарланған жоқ
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
"Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.
Айта кетері, бұған дейін Алматы қаласы жедел штабының Telegram-каналы Ерболат Досаев қалаға әкім болып келгенін жазған болатын.

Ерболат Досаевтың өмірбаяны

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын "ТұранӘлем Банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінен бастады.
28 жасында Досаев Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі болды.
1998 жылы Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды.
2000 жылы Қазақстанның қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.
2001 жылы – Қазақстан даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы.
2001-2003 жылдары – Қазақстан табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы.
2003 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстанның қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ҚР Ұлттық банкі басқармасының мүшесі қызметін атқарды.
2004-2006 жылдар аралығында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды.
2006 жылдан 2012 жылға дейін – Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі.
2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014 жылдан – Қазақстанның ұлттық экономика министрі.
2015 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.
2016 жылы "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы болды.
2017 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары болды.
2017 жылдың қазанында Қазақстан ұлттық банкі басқармасының құрамына кірді. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры директорлар кеңесінің басқарма төрағасы болды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.
Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың маусымында Алматы қаласы әкімі қызметіне кірісті. Оның қандай жұмысқа ауысқаны әлі хабарланған жоқ.
Жаңалықтар
0