Өңірлер

Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Өлім себебін нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлады OTYRAR.
30 қаңтарда полицияға Әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі көп қабатты үй тұрғындарынан хабарлама келіп түсті. Мекенжай бойынша келген жедел тергеу тобы пәтердің есігін арнайы құрылғымен ашып кірді.
Пәтерден 19­78, 1957 және 1979 жылы туған үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олардың өліміне газбен улану себеп болған.
Өлім себебін нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0