https://sputnik.kz/20220131/Europa-elektr-energiyasy-19249092.html
Еуропада электр энергиясы қымбаттап жатыр
Еуропада электр энергиясы қымбаттап жатыр
Sputnik Қазақстан
Сарапшылардың мәліметінше, Ресей мен Украинаның "виртуалды соғысы" Америка экономикасына оң әсер етуде 31.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-31T19:21+0500
2022-01-31T19:21+0500
2022-02-01T15:03+0500
әлем
https://sputnik.kz/img/188/00/1880049_0:249:5052:3091_1920x0_80_0_0_3b3dc14e86f70377cc6584890147ef1e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байденнің Шығыс Еуропаға қатысты жоспары ойдағыдай болмайтын секілді. Себебі Украина басшысы Владимир Зеленский Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайды ушықтырмауды, Украинаға ешкім шабуылдайын деп жатпағанын айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқанын үздіксіз жариялады. Жарты жылдан бері "Ресей Украинаны басып алайын деп жатыр" деген ақпарат жиіледі. Ал Украинаны АҚШ қолдауымен орыстардың агрессиялы саясатына тойтарыс беріп жатқан батыл мемлекет ретінде суреттейді.Кеңестік америкатанушылар АҚШ-тың бұл "милитаристік үгіт-насихатына" әркез таң-тамаша болып келді. Бірақ америкалықтардың қазіргі әдісі баламасы жоқ іс-қимыл болып отыр. Бейбітшілік үшін күрескерлер қайда кеткен? Оларға бәрібір ме?Тек Fox News телеарнасынан ғана "соғыс болмаса игі еді" деген сыңайдағы ескертулерді құлақ шалып қалады. Бірақ америкалық билік барлығын сабырға шақыруға тырысқан тележүргізуші Такер Карлсонның аузына қақпақ болып отыр. Қазіргі жағдай қырғи-қабақ соғыс кезіндегіден де қауіпті. Америкалық және британ бұқаралық ақпарат құралдарының бейбітшілікті емес, соғысты насихаттауының астарында не жатыр? Украинадағы соғыстан ақшалай табыс тапқысы келіп отырған кімдер?Америкалық кәсіпкерлер үшін жердің басқа бұрышындағы соғыс мемлекеттік бюджет есебінен табыс табудың таптырмас көзі болып отыр. Мысал ретінде Ауғанстанды алсақ, осы бағыттағы іс-қимылға триллиондаған доллар қаражат жұмсалды. Америкалықтардың бағалауы бойынша, бұл қаражаттың үш-төрт проценті ғана Ауғанстанның ауыр халдегі халқының игілігіне бағытталған. Олигархтардың басқаруындағы БАҚ Ресей агрессиясы туралы асыра сілтеп жазса, Пентагон әскери шығынды ұлғайтады, ал қаражат мердігер ретінде таныстырылған олигархтар қалтасына түседі.Жалпы 11 қыркүйектегі терактіден кейін АҚШ қорғаныс министрлігі жекеменшік мердігерлермен байланысты үдетті. Бүгінде әскери мемлекеттік тапсырыстар үшін алпауыт компаниялар тайталасқа түсіп жатыр. Соңғы жиырма жылда бұл бағытта 4,5 триллион долларға жуық қаражат игерілген. Мұнда ІТ-компаниялардың да үлесі бар. ІТ-олигархтарға қарасты әлеуметтік желілердің "Ресей агрессиясы" туралы үздікіз жазуының себебін айтпаса да түсінікті болар.Google иесі Эрик Шмидт он жылдан бері Америка әскеріне жасанды интеллект негізіндегі әзірлемелерді сатып келеді. Palantir америкалық әскерилерге арналған барлау деректерін жинақтау, өңдеу және бөлу жүйесін дайындап жатыр. Күні кеше ғана ІТ саласындағы алпауыттар Пентагонның бұлтты деректерді сақтауға арналған келісімшарты үшін таласты. Оны Microsoft жеңіп алғанымен, Amazon иесі Джефф Безос бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінбекші.Ресей мен Украинаның "виртуалды соғысы" Америка экономикасына оң әсер етіп жатыр. Қаңтарда о баста Азияға бет алған америкалық танкерлер Еуропаға қарай бағыт өзгертті. Қазір ЕО акваториясында былтырғыдан үш есе көп сұйылтылған табиғи газ тиелген танкер тұр. АҚШ мемлекеттік хатшысы мұны еуропалықтарды энергетикалық тапшылықтан құтқару деп сипаттады. Алайда еуропалықтар бұл газ үшін өте жоғары баға төлейтіні анық.Сұйылтылған табиғи газ жеткізумен айналысатын Cheniere компаниясының табысы бір жыл ішінде екі есе артқаны табыс кімге бұйырғанын айқын көрсетіп тұр. Екі ай бұрын Байден әкімшілігі жасыл экономиканы ысырып қойып, Мексика бұғазындағы жаңа ұңғымаларды бұрғылауға аукцион жариялады. Бұл аумақта бұрын-соңды мұндай ауқымды бұрғылау жұмыстары жүргізілмеген. Ал АҚШ еуропалықтарды жаһандық жылынуды бәсеңдету мақсатында жел энергетикасына көшуге үгіттеуін тоқтатар емес. Бүгінде энергия қуатының қымбаттауы салдарынан Еуропадағы бизнес тоқырап, банкротқа ұшырап жатыр.Тұралап қалған ірі нысандарды америкалықтар сатып алуда. Енді тыңайтқыштар бағасы өсті. Аналитиктер азық-түлік бағасы да қымбаттайды деген болжам айтып отыр. Осылайша АҚШ әдейі туындатқан энергия тапшылығынан оның Еуропадағы өз одақтастары зардап шегіп жатыр, деп жазды басылым.Мұндай қымбатшылық кезінде Германия азаматтары бундестаг алдына жиналып, "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын тез арада іске қосуды талап етулеріне әбден болады. Алайда мұндай жағдайда қайтадан Ресей "күшпен басып кірейін деп жатыр" деген тақырып қозғалады. Газ құбыры Еуроодақта энергия бағасын қалыпқа келтіріп, Еуропаны АҚШ-қа тәуелсіз етеді. Сол себепті жобаға сертификат әлі күнге дейін берілмей отыр.
https://sputnik.kz/20220128/ontustikte-zharyq-oship-qaldy-apattyn-sebebi-19233401.html
https://sputnik.kz/20211105/Zhasyryn-maynerler-energiya-18590099.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/188/00/1880049_676:0:5052:3282_1920x0_80_0_0_3391b7227dbfd786e5170658fe08db0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуропада электр энергиясы қымбаттап жатыр
19:21 31.01.2022 (жаңартылды: 15:03 01.02.2022) Сарапшылардың мәліметінше, Ресей мен Украинаның "виртуалды соғысы" Америка экономикасына оң әсер етуде
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байденнің Шығыс Еуропаға қатысты жоспары ойдағыдай болмайтын секілді. Себебі Украина басшысы Владимир Зеленский Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайды ушықтырмауды, Украинаға ешкім шабуылдайын деп жатпағанын айтты. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқанын үздіксіз жариялады. Жарты жылдан бері "Ресей Украинаны басып алайын деп жатыр" деген ақпарат жиіледі. Ал Украинаны АҚШ қолдауымен орыстардың агрессиялы саясатына тойтарыс беріп жатқан батыл мемлекет ретінде суреттейді.
Кеңестік америкатанушылар АҚШ-тың бұл "милитаристік үгіт-насихатына" әркез таң-тамаша болып келді. Бірақ америкалықтардың қазіргі әдісі баламасы жоқ іс-қимыл болып отыр. Бейбітшілік үшін күрескерлер қайда кеткен? Оларға бәрібір ме?
Тек Fox News телеарнасынан ғана "соғыс болмаса игі еді" деген сыңайдағы ескертулерді құлақ шалып қалады. Бірақ америкалық билік барлығын сабырға шақыруға тырысқан тележүргізуші Такер Карлсонның аузына қақпақ болып отыр. Қазіргі жағдай қырғи-қабақ соғыс кезіндегіден де қауіпті. Америкалық және британ бұқаралық ақпарат құралдарының бейбітшілікті емес, соғысты насихаттауының астарында не жатыр? Украинадағы соғыстан ақшалай табыс тапқысы келіп отырған кімдер?
Америкалық кәсіпкерлер үшін жердің басқа бұрышындағы соғыс мемлекеттік бюджет есебінен табыс табудың таптырмас көзі болып отыр. Мысал ретінде Ауғанстанды алсақ, осы бағыттағы іс-қимылға триллиондаған доллар қаражат жұмсалды. Америкалықтардың бағалауы бойынша, бұл қаражаттың үш-төрт проценті ғана Ауғанстанның ауыр халдегі халқының игілігіне бағытталған. Олигархтардың басқаруындағы БАҚ Ресей агрессиясы туралы асыра сілтеп жазса, Пентагон әскери шығынды ұлғайтады, ал қаражат мердігер ретінде таныстырылған олигархтар қалтасына түседі.
Жалпы 11 қыркүйектегі терактіден кейін АҚШ қорғаныс министрлігі жекеменшік мердігерлермен байланысты үдетті. Бүгінде әскери мемлекеттік тапсырыстар үшін алпауыт компаниялар тайталасқа түсіп жатыр. Соңғы жиырма жылда бұл бағытта 4,5 триллион долларға жуық қаражат игерілген. Мұнда ІТ-компаниялардың да үлесі бар. ІТ-олигархтарға қарасты әлеуметтік желілердің "Ресей агрессиясы" туралы үздікіз жазуының себебін айтпаса да түсінікті болар.
Google иесі Эрик Шмидт он жылдан бері Америка әскеріне жасанды интеллект негізіндегі әзірлемелерді сатып келеді. Palantir америкалық әскерилерге арналған барлау деректерін жинақтау, өңдеу және бөлу жүйесін дайындап жатыр. Күні кеше ғана ІТ саласындағы алпауыттар Пентагонның бұлтты деректерді сақтауға арналған келісімшарты үшін таласты. Оны Microsoft жеңіп алғанымен, Amazon иесі Джефф Безос бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінбекші.
Ресей мен Украинаның "виртуалды соғысы" Америка экономикасына оң әсер етіп жатыр. Қаңтарда о баста Азияға бет алған америкалық танкерлер Еуропаға қарай бағыт өзгертті. Қазір ЕО акваториясында былтырғыдан үш есе көп сұйылтылған табиғи газ тиелген танкер тұр. АҚШ мемлекеттік хатшысы мұны еуропалықтарды энергетикалық тапшылықтан құтқару деп сипаттады. Алайда еуропалықтар бұл газ үшін өте жоғары баға төлейтіні анық.
Сұйылтылған табиғи газ жеткізумен айналысатын Cheniere компаниясының табысы бір жыл ішінде екі есе артқаны табыс кімге бұйырғанын айқын көрсетіп тұр. Екі ай бұрын Байден әкімшілігі жасыл экономиканы ысырып қойып, Мексика бұғазындағы жаңа ұңғымаларды бұрғылауға аукцион жариялады. Бұл аумақта бұрын-соңды мұндай ауқымды бұрғылау жұмыстары жүргізілмеген. Ал АҚШ еуропалықтарды жаһандық жылынуды бәсеңдету мақсатында жел энергетикасына көшуге үгіттеуін тоқтатар емес. Бүгінде энергия қуатының қымбаттауы салдарынан Еуропадағы бизнес тоқырап, банкротқа ұшырап жатыр.
Тұралап қалған ірі нысандарды америкалықтар сатып алуда. Енді тыңайтқыштар бағасы өсті. Аналитиктер азық-түлік бағасы да қымбаттайды деген болжам айтып отыр. Осылайша АҚШ әдейі туындатқан энергия тапшылығынан оның Еуропадағы өз одақтастары зардап шегіп жатыр, деп жазды басылым.
Мұндай қымбатшылық кезінде Германия азаматтары бундестаг алдына жиналып, "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын тез арада іске қосуды талап етулеріне әбден болады. Алайда мұндай жағдайда қайтадан Ресей "күшпен басып кірейін деп жатыр" деген тақырып қозғалады. Газ құбыры Еуроодақта энергия бағасын қалыпқа келтіріп, Еуропаны АҚШ-қа тәуелсіз етеді. Сол себепті жобаға сертификат әлі күнге дейін берілмей отыр.