Қоғам

Тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнеске өтемақы беріле бастады

© Sputnik / Медиабанкке өтуВитрины, разграбленные мародерами в ходе беспорядков, в торговом центре "Март" в Алма-Ате
Витрины, разграбленные мародерами в ходе беспорядков, в торговом центре Март в Алма-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім түсті
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстан өңірлерінде жаппай тәртіпсіздік кезінде шағын және орта бизнес субъектілеріне келген залалды өтеу басталды. Кәсіпкерлерден келген өтінімдерді өңірлік комиссиялар қарап жатыр.
31 қаңтардағы жағдай бойынша, InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім берілді, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.
Өңірлік комиссиялардың жұмысы нәтижесінде алғашқы өтемақылар өтініш білдірген бизнесмендердің есеп шотына аударылды. Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 миллион теңгеге төлем алды.
Залалды өтеу өтінімдерді оңайлатылған тәртіп бойынша және сот сараптамасының қорытындылары негізінде өтініш берушінің қалауы бойынша қаралады. Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істейді, 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды.
Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0