Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең сұсты және қауіпті 10 тау шыңы - таңғажайып фото

Жазылу
Yandex newsTelegram
Көп адам таудан үлкен шабыт алады. Тау шыңына көтеріліп, биіктікті бағындыру арқылы адамдар өзіне және әлемге жеңіске деген құштарлығын, табандылығын дәлелдейді. Алайда сол шыңға барлығы бірдей жете бермейді
Мұндай қауіпті іске бел буғандар табиғаттың дүлей күшімен бетпе-бет келіп, оған қарсы тұруға дағдылануы керек.
Бұл сапардың қалай аяқталатыны бәріне белгісіз. Таумен жекпе-жек жеңіс әкеле ме, әлде өмірді қыршынынан қиятын жеңіліс әкеле ме, беймәлім. 
Бұл шыңдарды бағындырған адамдарды "сәттілік серігі болған жандар" деп атауға себеп бар. Өйткені, өкінішке қарай, шыңға қарай бет алған альпинистердің кейбірі кері қайтқан жоқ.
Қар көшкіні, қардың опырылуы, дауыл, боран, ауаның жетіспеуі, табан таятын тау бөктерлері – қауіпті сапарға қадам басқан адамдардың жолында міндетті түрде кездесетін кедергілердің бір бөлігі ғана. Бірақ табандылық танытып, тау шыңын бағындырғандар өмір бойы өздерін "жеңімпаз" деп нық сеніммен атай алады.
Sputnik Қазақстан әзірлеген суреттер топтамасынан әлемдегі ең мінсіз әрі сұлу, алайда сұсты әрі қауіпті тау шыңдарын көре аласыздар. Олардың қатарында Чогори, Аннапурна, Нанга-Парбат, Фитц-Рой, Кангшунг, Маттерхорн бар.
CC BY-SA 3.0 / Adha65 / K2 - climbing partner Beda Fuster on top of K2Альпинист Беда Фустер жер шарындағы биіктігі бойынша екінші орындағы шың басында отыр. К2 немесе Чогори – қиыр солтүстіктегі тау шыңы.
Альпинист Беда Фустер жер шарындағы биіктігі бойынша екінші орындағы шың басында отыр. К2 немесе Чогори – қиыр солтүстіктегі тау шыңы. - Sputnik Қазақстан
1/10
Альпинист Беда Фустер жер шарындағы биіктігі бойынша екінші орындағы шың басында отыр. К2 немесе Чогори – қиыр солтүстіктегі тау шыңы.
CC BY-SA 4.0 / Neyox / Amazing Annapurna South seen from High Camp (cropped photo)Гималайдағы Аннапурнаның таңғажайып оңтүстік беткейі. Аннапурна теңіз деңгейінен биіктігі 8 мыңнан асатын аса қауіпті шың болып саналады. Альпинистер арасындағы өлім көрсеткіші 32%-ке жетіп отыр.
Гималайдағы Аннапурнаның таңғажайып оңтүстік беткейі. Аннапурна теңіз деңгейінен биіктігі 8 мыңнан асатын аса қауіпті шың болып саналады. Альпинистер арасындағы өлім көрсеткіші 32%-ке жетіп отыр.  - Sputnik Қазақстан
2/10
Гималайдағы Аннапурнаның таңғажайып оңтүстік беткейі. Аннапурна теңіз деңгейінен биіктігі 8 мыңнан асатын аса қауіпті шың болып саналады. Альпинистер арасындағы өлім көрсеткіші 32%-ке жетіп отыр.
CC BY-SA 4.0 / Romanterik / Expedice Nanga Parbat 2018 (cropped photo)Нанга-Парбат – биіктігі бойынша тоғызыншы орында тұрған "сегіз мыңдық" шың. Ол Гималайдың солтүстік-батысында орналасқан. Статистика бойынша қайғылы жағдайлардың үштен бірі осы тау шыңында болады.
Нанга-Парбат – биіктігі бойынша тоғызыншы орында тұрған сегіз мыңдық шың. Ол Гималайдың солтүстік-батысында орналасқан. Статистика бойынша қайғылы жағдайлардың үштен бірі осы тау шыңында болады.  - Sputnik Қазақстан
3/10
Нанга-Парбат – биіктігі бойынша тоғызыншы орында тұрған "сегіз мыңдық" шың. Ол Гималайдың солтүстік-батысында орналасқан. Статистика бойынша қайғылы жағдайлардың үштен бірі осы тау шыңында болады.
CC BY 2.0 / David / El Chaltén and Fitz RoyФитц-Рой тауының бөктеріндегі Эль Чальтен қалашығы. Патагониядағы бұл шың Аргентина мен Чили арасындағы шекара аумағында орналасқан. Биіктігі 3 405 метрді құрайды.
Фитц-Рой тауының бөктеріндегі Эль Чальтен қалашығы. Патагониядағы бұл шың Аргентина мен Чили арасындағы шекара аумағында орналасқан. Биіктігі 3 405 метрді құрайды.  - Sputnik Қазақстан
4/10
Фитц-Рой тауының бөктеріндегі Эль Чальтен қалашығы. Патагониядағы бұл шың Аргентина мен Чили арасындағы шекара аумағында орналасқан. Биіктігі 3 405 метрді құрайды.
CC BY-SA 4.0 / Debasish biswas kolkata / Hillary Step (cropped photo)Кангшунг – Джомолунгма тауының шығыс бөктерінде жатқан мұздық. Ол тау шыңындағы негізгі үш мұздықтың бірі болып саналады. Оңтүстік-шығыс жотасынан жоғары қарағанда "Хиллари баспалдағын" көруге болады.
Кангшунг – Джомолунгма тауының шығыс бөктерінде жатқан мұздық. Ол тау шыңындағы негізгі үш мұздықтың бірі болып саналады. Оңтүстік-шығыс жотасынан жоғары қарағанда Хиллари баспалдағын көруге болады.  - Sputnik Қазақстан
5/10
Кангшунг – Джомолунгма тауының шығыс бөктерінде жатқан мұздық. Ол тау шыңындағы негізгі үш мұздықтың бірі болып саналады. Оңтүстік-шығыс жотасынан жоғары қарағанда "Хиллари баспалдағын" көруге болады.
CC BY-SA 4.0 / Jeetpswiki / A view from Chorten Nyima Ri (cropped photo)Үндістан мен Тибет шекарасындағы Гималайдың Чортен Ньима үстірті.
Үндістан мен Тибет шекарасындағы Гималайдың Чортен Ньима үстірті.  - Sputnik Қазақстан
6/10
Үндістан мен Тибет шекарасындағы Гималайдың Чортен Ньима үстірті.
CC BY-SA 4.0 / Zairon / Voew from the Aiguille du Midi to the Mont-Blanc, Chamonix-Mont-Blanc, Department of Upper Savoy, Region of Auvergne-Rhône-Alpes (former Auvergne), France (cropped photo)Монблан тауындағы Эгюий-дю-Миди көрінісі. Осы тау сілеміндегі "Ақ тау" шыңы Альпідегі Леман көлінен жоғары тұр. Бұл Альпідегі ең биік шың, оның биіктігі - теңіз деңгейінен 4810 метр. Ол Италия мен Франция шекарасында орналасқан.
Монблан тауындағы Эгюий-дю-Миди көрінісі. Осы тау сілеміндегі Ақ тау шыңы Альпідегі Леман көлінен жоғары тұр. Бұл Альпідегі ең биік шың, оның биіктігі -  теңіз деңгейінен 4810 метр. Ол Италия мен Франция шекарасында орналасқан.  - Sputnik Қазақстан
7/10
Монблан тауындағы Эгюий-дю-Миди көрінісі. Осы тау сілеміндегі "Ақ тау" шыңы Альпідегі Леман көлінен жоғары тұр. Бұл Альпідегі ең биік шың, оның биіктігі - теңіз деңгейінен 4810 метр. Ол Италия мен Франция шекарасында орналасқан.
CC BY-SA 2.0 / Oargi / The summit of the MatterhornМаттерхорн шыңы. Бұл Швейцарияның Вале кантоны мен Италияның Валле-д’Аоста провинциясында орналасқан Пеннин Альпідегі ең сұлу шың. Шыңның биіктігі – теңіз деңгейінен 4478 метр жоғары. Жолдарының қауіптілігі мен шыңның сұсты бейнесіне байланысты Маттерхорн Альпідегі адам бағындырған соңғы шың болды.
Маттерхорн шыңы. Бұл Швейцарияның Вале кантоны мен Италияның Валле-д’Аоста провинциясында орналасқан Пеннин Альпідегі ең сұлу шың. Шыңның биіктігі – теңіз деңгейінен 4478 метр жоғары. Жолдарының қауіптілігі мен шыңның сұсты бейнесіне байланысты Маттерхорн Альпідегі адам бағындырған соңғы шың болды.  - Sputnik Қазақстан
8/10
Маттерхорн шыңы. Бұл Швейцарияның Вале кантоны мен Италияның Валле-д’Аоста провинциясында орналасқан Пеннин Альпідегі ең сұлу шың. Шыңның биіктігі – теңіз деңгейінен 4478 метр жоғары. Жолдарының қауіптілігі мен шыңның сұсты бейнесіне байланысты Маттерхорн Альпідегі адам бағындырған соңғы шың болды.
CC BY-SA 4.0 / Blanky75 / First Cliff WalkFirst Cliff Walk – Швейцариядағы Альпі тауын тамашалауға болатын алаң.
First Cliff Walk – Швейцариядағы Альпі тауын тамашалауға болатын алаң. - Sputnik Қазақстан
9/10
First Cliff Walk – Швейцариядағы Альпі тауын тамашалауға болатын алаң.
© Photo : Denali National Park and PreserveАляска жотасында орналасқан Мак-Кинли тауы. Бұл аудан Денали ұлттық паркінің аумағына кіреді. Мак-Кинли – Солтүстік Америкадағы ең биік тау. Оның шыңы 6194 метр биіктікте орналасқан. Ал оның салыстырмалы биіктігі (тау етегінен жоғары орналасуы) 6118 метрді құрауы Мак-Кинли тауын осы өлшем бойынша Эверест Аконкагуадан кейінгі үшінші орынға шығарды.
Аляска жотасында орналасқан Мак-Кинли тауы. Бұл аудан Денали ұлттық паркінің аумағына кіреді. Мак-Кинли – Солтүстік Америкадағы ең биік тау. Оның шыңы 6194 метр биіктікте орналасқан. Ал оның салыстырмалы биіктігі (тау етегінен жоғары орналасуы) 6118 метрді құрауы Мак-Кинли тауын осы өлшем бойынша Эверест Аконкагуадан кейінгі үшінші орынға шығарды. - Sputnik Қазақстан
10/10
Аляска жотасында орналасқан Мак-Кинли тауы. Бұл аудан Денали ұлттық паркінің аумағына кіреді. Мак-Кинли – Солтүстік Америкадағы ең биік тау. Оның шыңы 6194 метр биіктікте орналасқан. Ал оның салыстырмалы биіктігі (тау етегінен жоғары орналасуы) 6118 метрді құрауы Мак-Кинли тауын осы өлшем бойынша Эверест Аконкагуадан кейінгі үшінші орынға шығарды.
Жаңалықтар
0