Аңдатпа

Қазақстанда 1 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, сцена, иллюстративное фото
Микрофон, сцена, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2022 жылдың 1 ақпанында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
1 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР
09.00 – Үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібінде: санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, тұрғын үй саясаты мен тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялаудағы жаңа тәсілдер, білім мен ғылымды дамыту мәселелері. PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн көрсетіледі.
НҰР-СҰЛТАН
11.00 – Полицияның сервистік моделін масштабтау мәселесі бойынша брифинг. Спикерлер: Нұр-Сұлтан ПД полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов. (Орынбор көшесі, 9, Есіл ауданының полиция басқармасы, 3-қабат). БАҚ өкілдері мына телефондар арқылы тіркеледі: 8(7172) 71-63-75, +7 702 977 37 58. E-mail: prdvd@mail.ru.
15.30 – "Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі есеп береді. Күн тәртібі: жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар шеңберінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша есеп тыңдау, сондай-ақ елорданың шағын аудандары мен тұрғын алаптарында интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету және бейнекамералар орнату және т.б. (Мәслихат аппараты, Бейбітшілік көшесі, 11,)
15.00 – Венеция биенналесінде еліміздің павильонын таныстыратын суретшілердің есімдері жарияланады. Спикерлер Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының директоры Гүлмира Шалабаева, Венеция биенналесіндегі ҚР павильонының комиссары Меруерт Қалиева, Қазақстан ұлттық павильонының суретшілері (Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік өнер мұражайының дәрісханасы, Көктем-3 шағын ауданы, 22/ 1.) Байланыс: Елена Дмитриева, Қазақстан павильонының баспасөз қызметі, + 7 777 683 04 74, press@kazakhstanpavilion.com.
19.00 – "Экран әуендері" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).
20.00 - Ашық микрофон (Garage bar, Александр Кравцов көшесі, 6).
20.00 - Stand Up концерті: екі қайтара тексеріс (Күйші Дина көшесі, 11/1).
АЛМАТЫ
10.00 – "Зона комфорта" көрмесі (Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8).
10.00 – "Казахстан – страна гор и степей" фотокөрмесі (Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1).
10.00 – "Ұшқан ұя" көрмесі (Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1).
10.00 – "Я закрыла глаза, чтобы видеть" көрмесі (Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1).   
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0