https://sputnik.kz/20220130/ushtobe-zirat-adam-19242821.html
Үштөбедегі зираттарды бұзған адам ұсталды
Үштөбедегі зираттарды бұзған адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Үштөбе полициясына жеткізілген ер адамның бала кезден психикалық ауытқуы бар болып шықты 30.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-30T16:10+0500
2022-01-30T16:10+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында православ христиандарының зиратын бұзды деген күдікке ілінген психикалық ауытқуы бар адам ұсталды.Бұған дейін белгісіз біреулер Үштөбедегі православ христиандарының зиратын бұзғаны туралы хабарлаған.Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, вандализм қоғамның ашуын тудырды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үн қосты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен вандализм жағдайы ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.Бүгін Алматы облысының полицейлері 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол зираттарды бұзуға қатысы бар деген күдікке ілінді.Үштөбе полициясына жеткізілген ер адамның бала кезден психикалық ауытқуы бар болып шықты.Оның іске қатыстылығы сараптама және куәгерлер арқылы анықталды."Вандализм әрекеті 16 қаңтарда орын алғаны белгілі болды. 14 зиратқа залал келтірілген. Олардың қоршаулары сындырылып, кресттері мен қабір басындағы жазулары жұлынған. Ұрлау фактісі тіркелген жоқ. Зираты қиратылғандардың туыстарына хабар берілді", - делінген хабарламада. Қазіргі күні күдіктіні психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Күдіктінің анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрап, видео жариялады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Үштөбедегі зираттарды бұзған адам ұсталды
16:10 30.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Үштөбе полициясына жеткізілген ер адамның бала кезден психикалық ауытқуы бар болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында православ христиандарының зиратын бұзды деген күдікке ілінген психикалық ауытқуы бар адам ұсталды.
Бұған дейін белгісіз біреулер Үштөбедегі православ христиандарының зиратын бұзғаны туралы хабарлаған.
Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, вандализм қоғамның ашуын тудырды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев та
үн қосты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен вандализм жағдайы ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.
Бүгін Алматы облысының полицейлері 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол зираттарды бұзуға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Үштөбе полициясына жеткізілген ер адамның бала кезден психикалық ауытқуы бар болып шықты.
Оның іске қатыстылығы сараптама және куәгерлер арқылы анықталды.
"Вандализм әрекеті 16 қаңтарда орын алғаны белгілі болды. 14 зиратқа залал келтірілген. Олардың қоршаулары сындырылып, кресттері мен қабір басындағы жазулары жұлынған. Ұрлау фактісі тіркелген жоқ. Зираты қиратылғандардың туыстарына хабар берілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі күні күдіктіні психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Күдіктінің анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрап, видео жариялады.