https://sputnik.kz/20220130/ushtobe-zirat-Toqaev-tapsyrma-19241866.html
Үштөбеде бұзақылар зиратты қиратты: Тоқаев ІІМ басшысына тапсырма берді
Үштөбеде бұзақылар зиратты қиратты: Тоқаев ІІМ басшысына тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Полиция қылмысқа қатысы бар адамдарды жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр 30.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-30T10:39+0500
2022-01-30T10:39+0500
2023-08-09T10:05+0500
өңірлер
үштөбе
қасым-жомарт тоқаев
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14474386_0:44:1198:722_1920x0_80_0_0_4f11820178eb4d572f1dd570bfe77089.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында православ зиратын қиратқан бұзақыларды қылмыстық жауапқа тартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін Талдықорған маңында орналасқан Үштөбеде белгісіз біреулер православ зиратын талқандағаны хабарланды.Әлеуметтік желіде куәгерлердің видеосы тарады. Кадрда туыстарының қабіріне келген ер адам мен әйел өздері көрген жайтты баяндайды. Айнала қабір үстіндегі тақтайшалар, сынған темір мен ағаш кірестер, қоршаулар шашылған.Автор видео Қаратал ауданының әкімшілік орталығы саналатын Үштөбе қаласы маңында түсірілгенін айтты. Қала тұрғындары жергілікті полицияға арызданды.Облыстық полиция департаменті арыздың тіркелгенін растады. Вандализм фактісі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды."Қылмыстық кодекстің 294-бабы "Вандализм" бойынша қарастырылған істі тергеумен Қаратал аудандық полициясы айналысып жатыр. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
үштөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14474386_0:6:1198:760_1920x0_80_0_0_331135a10bf8ddd72eccec439d64f2f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үштөбе, қасым-жомарт тоқаев, ішкі істер министрлігі
үштөбе, қасым-жомарт тоқаев, ішкі істер министрлігі
Үштөбеде бұзақылар зиратты қиратты: Тоқаев ІІМ басшысына тапсырма берді
10:39 30.01.2022 (жаңартылды: 10:05 09.08.2023) Полиция қылмысқа қатысы бар адамдарды жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында православ зиратын қиратқан бұзақыларды қылмыстық жауапқа тартуды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді", - деп жазды президент Twitter-де.
Бұған дейін Талдықорған маңында орналасқан Үштөбеде белгісіз біреулер православ зиратын талқандағаны хабарланды.
Әлеуметтік желіде куәгерлердің видеосы тарады. Кадрда туыстарының қабіріне келген ер адам мен әйел өздері көрген жайтты баяндайды. Айнала қабір үстіндегі тақтайшалар, сынған темір мен ағаш кірестер, қоршаулар шашылған.
Автор видео Қаратал ауданының әкімшілік орталығы саналатын Үштөбе қаласы маңында түсірілгенін айтты. Қала тұрғындары жергілікті полицияға арызданды.
Облыстық полиция департаменті арыздың тіркелгенін растады. Вандализм фактісі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды.
"Қылмыстық кодекстің 294-бабы "Вандализм" бойынша қарастырылған істі тергеумен Қаратал аудандық полициясы айналысып жатыр. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.