Өңірлер

Қарағандыда теміржол өткелінде жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2022
Жазылу
Теміржол өткелінде КамАЗ бен тепловоздың соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты. КамАЗ жүргізушісі қауіпке қарамастан, теміржол өткелінен өтіп кетпек болған. Облыстық полиция департаменті автокөлік регистраторына жазылған видеоны зерделеп жатыр.
Өңір полициясының ақпаратынша, апат сенбі күні кешкі алты шамасында болды. Екі көліктің соқтығысқан сәті түсіп қалған видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

"32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бұқар жырау даңғылынан Бытовая көшесінің бойымен Асфальтная көшесіне қарай кетіп бара жатып, теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысты. Салдарынан екі көлікке де механикалық зақым келді", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінбеген.
Оқи отырыңыз: Петропавлда көлік рөлінде отырған әйелдің кесірінен теміржолда апат болды
Полиция соқтығыс кезінде жол тазартылғанын, өткелде қажетті жол белгілері болғанын, ал семафор стандартты жұмыс режимінде тұрғанын атап өтті.
Қазіргі таңда бұл факті полицияда тіркеліп, тергеу басталды. Бірқатар сараптама жасалады.
Жаңалықтар
0