https://sputnik.kz/20220130/eskertu-Toqaev-almatylyqtar-19241464.html
"Ішкі істер министріне ескерту жасалды": Тоқаев алматылықтарға сөз берді
"Ішкі істер министріне ескерту жасалды": Тоқаев алматылықтарға сөз берді
Sputnik Қазақстан
Тоқаев президент ретінде адам құқықтарының бұзылмағанына мүдделі екенін атап өтті 30.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-30T07:58+0500
2022-01-30T07:58+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1d/19240210_8:-1:1366:768_1920x0_80_0_0_db6710a06f8bfd09a254a32c765938d9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Алматылықтардың құқықтары бұзылмайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президент әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан мәселелерді де білетінін жеткізді."Ондай мәлімдемелерде асыра сілтеу басым. Иә, алаңдаушылық та бар. Сондықтан мен бас прокуратураға нақты тапсырма бердім. Әрбір оқиға бойынша тергеу жүргізу керек", - деп атап көрсетті президент.Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарынан қоғамдық комиссияның құрылғанын оқыды. Оны танымал адвокат Айман Омарова басқарады. "Мен осы шешімді қолдаймын. Шынымен де, бізге тәуелсіз адамдарды тарту керек. Олар қазір не болып жатқанын және қайғылы күндері болған оқиғаларға өз бағасын беруге тиіс. Сосын адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Эльвира Әзімова және танымал құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова тергеу изоляторларын аралап, ұсталған адамдармен кездесіп жүр. Олардан арыз қабылдайды. Бұл да пайдалы жұмыс деп ойлаймын. Мен өзім президент ретінде адам құқықтарының бұзылмағанына мүдделімін. Тағы айтамын, әрбір оқиғаны жіті тексеру керек", - деді Тоқаев.Президент ішкі істер министріне ескерту жасағанын да айтты. Бірақ нағыз бүлікшілерді анықтау қажет."Бізге "Сцилла мен Харибданың арасымен" (грек мифологиясындағы құбыжықтар, олар тар бұғаздың екі жағында отырады - Sputnik) өту керек. Яғни, бір жағынан бандиттік акцияларға қатысқан адамдарды табуымыз керек қой. Екінші жағынан азаматтардың құқықтары бұзылмауға тиіс. Айтып отырмын ғой, мыңдаған бандит болды. Артынан бәрі аяқ астынан "жай өтіп бара жатқан адам" болып шыға келді. Мен полицияның заңсыз әрекетін де ақтамаймын. Ондай әрекетттер болса. Ішкі істер министріне де тиісті ескерту жасалды. Сондықтан Алматы тұрғындарының құқықтары барынша бұзылмайтынына сендіргім келеді ", - деп түйіндеді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1d/19240210_144:-1:1366:768_1920x0_80_0_0_91b787d20285bba40801795932599f24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"Ішкі істер министріне ескерту жасалды": Тоқаев алматылықтарға сөз берді
07:58 30.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тоқаев президент ретінде адам құқықтарының бұзылмағанына мүдделі екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Алматылықтардың құқықтары бұзылмайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Алматыдағы ойранның масштабын бәріңіз көрдіңіздер. Бірақ бәрі аяқ астынан "жай өтіп бара жатқан адам" болып шыға келді. Әрине, адамдарды заңсыз ұстау, ал, ең бастысы, оларға қарсы күш қолдану оқиғалары жан-жақты тергелетін болады. Осыны егжей-тегжейлі тексеруіміз керек", - деді Тоқаев "Хабар" арнасына берген сұхбатында.
Президент әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан мәселелерді де білетінін жеткізді.
"Ондай мәлімдемелерде асыра сілтеу басым. Иә, алаңдаушылық та бар. Сондықтан мен бас прокуратураға нақты тапсырма бердім. Әрбір оқиға бойынша тергеу жүргізу керек", - деп атап көрсетті президент.
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарынан қоғамдық комиссияның құрылғанын оқыды. Оны танымал адвокат Айман Омарова басқарады.
"Мен осы шешімді қолдаймын. Шынымен де, бізге тәуелсіз адамдарды тарту керек. Олар қазір не болып жатқанын және қайғылы күндері болған оқиғаларға өз бағасын беруге тиіс. Сосын адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Эльвира Әзімова және танымал құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова тергеу изоляторларын аралап, ұсталған адамдармен кездесіп жүр. Олардан арыз қабылдайды. Бұл да пайдалы жұмыс деп ойлаймын. Мен өзім президент ретінде адам құқықтарының бұзылмағанына мүдделімін. Тағы айтамын, әрбір оқиғаны жіті тексеру керек", - деді Тоқаев.
Президент ішкі істер министріне ескерту жасағанын да айтты. Бірақ нағыз бүлікшілерді анықтау қажет.
"Бізге "Сцилла мен Харибданың арасымен" (грек мифологиясындағы құбыжықтар, олар тар бұғаздың екі жағында отырады - Sputnik) өту керек. Яғни, бір жағынан бандиттік акцияларға қатысқан адамдарды табуымыз керек қой. Екінші жағынан азаматтардың құқықтары бұзылмауға тиіс. Айтып отырмын ғой, мыңдаған бандит болды. Артынан бәрі аяқ астынан "жай өтіп бара жатқан адам" болып шыға келді. Мен полицияның заңсыз әрекетін де ақтамаймын. Ондай әрекетттер болса. Ішкі істер министріне де тиісті ескерту жасалды. Сондықтан Алматы тұрғындарының құқықтары барынша бұзылмайтынына сендіргім келеді ", - деп түйіндеді Тоқаев.