Әлем

Мектеп оқушысы 22-ші қабаттан құлап кетті

CC0 / Pexels / Көпқабатты үй, архивтегі сурет
Көпқабатты үй, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2022
Жазылу
Он төрт жастағы мәскеулік бір балконнан екінші балконға өтпек болғанда 22-ші қабаттан құлап кетті
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Мәскеудің Бирюлево Восточное ауданында көппәтерлі үйдің 22-ші қабатындағы балконнан құлаған сегізінші сынып оқушысы аман қалды. Қазір ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Төтенше жағдай 29 қаңтар күні Мәскеуде Загорьевская көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды 5-tv.ru.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы бір балконнан екінші балконға өтпек болған. Оған құрбысы көмектескен. Құрбысы оның қолынан ұстап тұрған. Бірақ әлі жетпей, оқушы төмен құлап кетті.
22-ші қабаттан құлағанына қарамастан, жасөспірім қыз ауыр жарақат алған жоқ. Қазір Филатов ауруханасында дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда оқушы 20-қабаттан секіріп кетті
Оқушыны бұған не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, қыз психиатрда есепте тұрған.
Жаңалықтар
0