https://sputnik.kz/20220130/Kolginov-elorda-uade-19243023.html
Көлгінов елорда іргесіндегі тұрғындарға қандай уәде берді
Көлгінов елорда іргесіндегі тұрғындарға қандай уәде берді
Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үркер елді мекенінде қандай жұмыс жүргізілетінін айтты 30.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-30T19:48+0500
2022-01-30T19:48+0500
2022-02-01T13:05+0500
елорда тынысы
алтай көлгінов
тұрғындар
видео
мультимедиа
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1f/19243245_0:0:999:562_1920x0_80_0_0_9f78f5eff2fe50bf0df51de8f69f9cf5.png
"Үркер (Ильинка) елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Елді мекенде шамамен 20 мың адам тұрады. Кездесу барысында тұрғындар кәріз жұмыстарын аяқтауды, мектеп, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салуды, көшені жарықтандыруды, интернет жүргізуді, жылы аялдамалар орнатуды, жаңа автобус маршруттарын іске қосуды сұрады. Көтерілген проблемаларды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.Көлгіновтың сөзінше, Үркер елді мекенінің өзінде екі жылда 73 км кәріз желісі, 17 кәріз сорғы станциясы, 51 км жол және 127 мың шаршы метр тротуар салынды. Сондай-ақ, 6 кәріздік сорғы станциясына электрмен жабдықтау жүргізілді, бірқатар сорғыларды жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді."Мұның бәрі қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік берді. Инженерлік желілер бойынша тиісті жұмыстарды биыл да жалғастырамыз", - дейді әкім.Айтуынша, биыл білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері үшін жатақхана, өрт сөндіру депосы, 1800 орындық мектеп (екі ауысымды, Е639 және №201 көшелердің қиылысы) құрылысын бастау жоспарланған. Сонымен қатар биыл елді мекенде газ тарату желілерінің құрылысы басталады."Тұрғындар бос уақытын өткізе алатын орындарға көңіл бөлу де маңызды. Былтыр екі қабатты коттеджді аула клубына айналдырдық. Онда балалардың да, ересектердің де бос уақытын қолайлы әрі тегін өткізуге барлық жағдай жасалған, бірқатар қоғамдық кеңістіктер салынды. Сондай-ақ Үркерде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салып жатырмыз, Доспамбет жырау және Айғыржал көшелерінің қиылысында тағы бір қоғамдық кеңістік салуды жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындарынан аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру үшін жаңа орындар бойынша ұсыныстар қабылдаймыз", - деді әкім.Қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа автобус маршруттары іске қосылады, жарықтандыру, жол салу жұмыстарды ары қарай жалғасатын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1f/19243245_0:0:761:571_1920x0_80_0_0_b9dedf824f51828dbf6d794f9e5e9155.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтай көлгінов, тұрғындар, мультимедиа
алтай көлгінов, тұрғындар, мультимедиа
Көлгінов елорда іргесіндегі тұрғындарға қандай уәде берді
19:48 30.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үркер елді мекенінде қандай жұмыс жүргізілетінін айтты
"Үркер (Ильинка) елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Елді мекенде шамамен 20 мың адам тұрады. Кездесу барысында тұрғындар кәріз жұмыстарын аяқтауды, мектеп, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салуды, көшені жарықтандыруды, интернет жүргізуді, жылы аялдамалар орнатуды, жаңа автобус маршруттарын іске қосуды сұрады. Көтерілген проблемаларды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Көлгіновтың сөзінше, Үркер елді мекенінің өзінде екі жылда 73 км кәріз желісі, 17 кәріз сорғы станциясы, 51 км жол және 127 мың шаршы метр тротуар салынды. Сондай-ақ, 6 кәріздік сорғы станциясына электрмен жабдықтау жүргізілді, бірқатар сорғыларды жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
"Мұның бәрі қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік берді. Инженерлік желілер бойынша тиісті жұмыстарды биыл да жалғастырамыз", - дейді әкім.
Айтуынша, биыл білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері үшін жатақхана, өрт сөндіру депосы, 1800 орындық мектеп (екі ауысымды, Е639 және №201 көшелердің қиылысы) құрылысын бастау жоспарланған. Сонымен қатар биыл елді мекенде газ тарату желілерінің құрылысы басталады.
"Тұрғындар бос уақытын өткізе алатын орындарға көңіл бөлу де маңызды. Былтыр екі қабатты коттеджді аула клубына айналдырдық. Онда балалардың да, ересектердің де бос уақытын қолайлы әрі тегін өткізуге барлық жағдай жасалған, бірқатар қоғамдық кеңістіктер салынды. Сондай-ақ Үркерде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салып жатырмыз, Доспамбет жырау және Айғыржал көшелерінің қиылысында тағы бір қоғамдық кеңістік салуды жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындарынан аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру үшін жаңа орындар бойынша ұсыныстар қабылдаймыз", - деді әкім.
Қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа автобус маршруттары іске қосылады, жарықтандыру, жол салу жұмыстарды ары қарай жалғасатын болады.