https://sputnik.kz/20220129/turme-zheltoqsanshylar-19239570.html
Түрмелерде болып жатқан айуандық әрекеттерді тоқтатуды талап етеміз – желтоқсаншылар
Түрмелерде болып жатқан айуандық әрекеттерді тоқтатуды талап етеміз – желтоқсаншылар
Sputnik Қазақстан
Бейбіт митингіге қатысушыларға күш қолданып, жасамаған қылмысты мойнына іліп жатыр, деп мәлімдеді желтоқсаншылар 29.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-29T14:37+0500
2022-01-29T14:37+0500
2022-05-23T14:40+0500
қаңтар оқиғасы
желтоқсан
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1d/19239316_4:0:1158:649_1920x0_80_0_0_fe1981e72ff7a9f1e44f11384f30aad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қаңтар оқиғасына қатысушыларды қолдап, бейбіт митингіге шыққан барлық халықты босатуды талап етті.Үндеудің видеосы Facebook желісінде жарияланды. Желтоқсаншылардың айтуынша, олар осыдан 35 жыл бұрын қызыл империяның солақай саясатына қарсы шыққан жастардың қатарында болған. Айтуларынша, ішкі істер министрлігі мен ҰҚК 1986 жылы да өз өкілеттігін асыра пайдаланып, "неше түрлі әрекеттер ойластырып", істелмеген қылмысты бейбіт жастардың мойнына ілген.Белсенділер қаңтар оқиғасы туралы айта келе, бейбіт шеруге шыққан халқымыз жазықсыз жазаланып, түрмеге қамалып жатқанын мәлімдеді."Түрмеде оларды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетіп, істемеген қылмысты мойнына іліп отыр. Бұл жөнінде бүкіл әлем айтып жатыр. Құзырлы орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдалануда. Тіпті түрлі жарақатпен ауруханада жатқан науқастарды алып шығып, күш қолданып, кінә тағуда. Ол ешқандай адамгершілікке жатпайды. Бүгінгі күні қаңтар көтерілісіне қатысқан жастарға қарсы қолданылып жатқан айуандық әрекеттер 1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып кетті. Елім, жерім деп бейбіт шеруге шыққан халық ешқандай террорист емес. Біз, Желтоқсан ардагерлері еліміздің түрмелерінде болып жатқан айуандықты шұғыл түрде тоқтатып, оларды бостандыққа шығаруды талап етеміз", - деп мәлімдеді олар.Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғаларынан кейін 1 822 қылмыстық іс қозғалды – министрлік
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1d/19239316_148:0:1013:649_1920x0_80_0_0_4ac6a76934900ed7f05865740f7e5417.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
желтоқсан
Түрмелерде болып жатқан айуандық әрекеттерді тоқтатуды талап етеміз – желтоқсаншылар
14:37 29.01.2022 (жаңартылды: 14:40 23.05.2022) Бейбіт митингіге қатысушыларға күш қолданып, жасамаған қылмысты мойнына іліп жатыр, деп мәлімдеді желтоқсаншылар
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қаңтар оқиғасына қатысушыларды қолдап, бейбіт митингіге шыққан барлық халықты босатуды талап етті.
Үндеудің видеосы Facebook желісінде жарияланды.
Желтоқсаншылардың айтуынша, олар осыдан 35 жыл бұрын қызыл империяның солақай саясатына қарсы шыққан жастардың қатарында болған. Айтуларынша, ішкі істер министрлігі мен ҰҚК 1986 жылы да өз өкілеттігін асыра пайдаланып, "неше түрлі әрекеттер ойластырып", істелмеген қылмысты бейбіт жастардың мойнына ілген.
"Бізге ұлтшылдар, нашақорлар, маскүнемдер, бұзақылар деп жала жауып, дүниежүзіне масқаралап, алдын ату жазасына кейінгілерді 10-15 жылға соттады", - делінген үндеуде.
Белсенділер қаңтар оқиғасы туралы айта келе, бейбіт шеруге шыққан халқымыз жазықсыз жазаланып, түрмеге қамалып жатқанын мәлімдеді.
"Түрмеде оларды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетіп, істемеген қылмысты мойнына іліп отыр. Бұл жөнінде бүкіл әлем айтып жатыр. Құзырлы орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдалануда. Тіпті түрлі жарақатпен ауруханада жатқан науқастарды алып шығып, күш қолданып, кінә тағуда. Ол ешқандай адамгершілікке жатпайды. Бүгінгі күні қаңтар көтерілісіне қатысқан жастарға қарсы қолданылып жатқан айуандық әрекеттер 1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып кетті. Елім, жерім деп бейбіт шеруге шыққан халық ешқандай террорист емес. Біз, Желтоқсан ардагерлері еліміздің түрмелерінде болып жатқан айуандықты шұғыл түрде тоқтатып, оларды бостандыққа шығаруды талап етеміз", - деп мәлімдеді олар.