Саясат

Тоқаев парламент және партия жүйесін өзгерткісі келеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат парламента
Касым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Президент Қазақстанда саяси мәдениетті көтеру керек деп мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент және партия жүйесінде қолға алынатын реформаларды қысқаша таныстырды.
"Мен парламенттік жүйені реформалау туралы шындап ойланып жүрмін. Сондай-ақ партия жүйесіне де өзгеріс керек", - деді президент Тоқаев "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында.  
Президент оппозиция туралы да пікір білдірді.
"Бізде оппозиция бар, бірақ көбіне көшеде жүреді. Партиялар арасында да оппозиция бар", - деп атап өтті ол.
Тоқаевтың пікірінше, саяси мәдениетті көтеру керек, парламентте бірнеше мықты партия болуға тиіс.  
Жаңалықтар
0