https://sputnik.kz/20220129/koronavirus-qytay-vaktsinasy-19240116.html
Қазақстанға коронавирусқа қарсы қытай вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
Қазақстанға коронавирусқа қарсы қытай вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Жаңа партия Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді 29.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-29T18:30+0500
2022-01-29T18:30+0500
2022-02-01T13:05+0500
covid-ке қарсы вакцина
денсаулық
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18886770_0:0:3194:1798_1920x0_80_0_0_f41434d42527667c92d218ee2e4a7c2d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. 29 қаңтарда Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінің қолдауымен Бейжіңнен Алматыға Sinopharm (VeroCell) корпорациясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның 2 миллион дозасы әкелінді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа партия Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.Келген вакцина стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін өңірлерге жіберіледі. Препарат алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.Ковидке қарсы препарат Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген және ДДҰ осы жылдың көктемінде мақұлдаған, ол әлемнің 45 елінде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі – 24 ай.Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ "суық тізбекті" сақтай отырып жүзеге асырады.Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнім институты препаратының 4 миллион дозасын, сондай-ақ сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18886770_326:0:3057:2048_1920x0_80_0_0_a8d37d819fe27a4caaa4955a0d9b5472.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
covid-ке қарсы вакцина
Қазақстанға коронавирусқа қарсы қытай вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
18:30 29.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жаңа партия Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. 29 қаңтарда Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінің қолдауымен Бейжіңнен Алматыға Sinopharm (VeroCell) корпорациясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның 2 миллион дозасы әкелінді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа партия Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.
Келген вакцина стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін өңірлерге жіберіледі. Препарат алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.
Ковидке қарсы препарат Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген және ДДҰ осы жылдың көктемінде мақұлдаған, ол әлемнің 45 елінде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі – 24 ай.
Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ "суық тізбекті" сақтай отырып жүзеге асырады.
Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнім институты препаратының 4 миллион дозасын, сондай-ақ сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алған болатын.