https://sputnik.kz/20220129/Toqaev-zhappay-tartipsizdik-Nazarbaev-19240454.html
Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктер басталғанда Назарбаевпен не туралы сөйлескенін айтты
Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктер басталғанда Назарбаевпен не туралы сөйлескенін айтты
Sputnik Қазақстан
Президент Елбасы екеуінің арасында ешқандай сауда болмағанын, жеке артықшылықтар беру мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді 29.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-29T19:38+0500
2022-01-29T19:38+0500
2022-05-23T15:26+0500
қаңтар оқиғасы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/993/42/9934250_0:83:1803:1097_1920x0_80_0_0_9308a8401cb379760744764c987f2805.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Ол кезде арамызда ешқандай сауда болған жоқ. Жеке артықшылықтарды беру жағын да талқылаған жоқпыз. Бір рет қана сөйлестік. Қауіпсіздік кеңесі төрағасының мәртебесі туралы сөз болды. Жағдай ушығып кеткенде мен халқымызға үндеу жариялап, сол уақыттан бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы екенімді мәлімдеймін дедім. Ашығын айту керек, осы мәселені жүгіріп жүріп шештік", - деді Тоқаев "Хабар" арнасына берген сұхбатында.Осы орайда мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Елбасы туралы айтқан сөзін еске салды."Сол жерде мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөліне баға бердім. Ол объективті баға деп ойлаймын. Болашақта адамдар осы сипаттаманы негізге алады деп сенемін", - деп түйіндеді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/993/42/9934250_26:0:1778:1314_1920x0_80_0_0_c17073ca92ba39fd95c67aebdeebe5aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктер басталғанда Назарбаевпен не туралы сөйлескенін айтты
19:38 29.01.2022 (жаңартылды: 15:26 23.05.2022) Президент Елбасы екеуінің арасында ешқандай сауда болмағанын, жеке артықшылықтар беру мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Ол кезде арамызда ешқандай сауда болған жоқ. Жеке артықшылықтарды беру жағын да талқылаған жоқпыз. Бір рет қана сөйлестік. Қауіпсіздік кеңесі төрағасының мәртебесі туралы сөз болды. Жағдай ушығып кеткенде мен халқымызға үндеу жариялап, сол уақыттан бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы екенімді мәлімдеймін дедім. Ашығын айту керек, осы мәселені жүгіріп жүріп шештік", - деді Тоқаев "Хабар" арнасына берген сұхбатында.
Осы орайда мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Елбасы туралы айтқан сөзін еске салды.
"Сол жерде мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөліне баға бердім. Ол объективті баға деп ойлаймын. Болашақта адамдар осы сипаттаманы негізге алады деп сенемін", - деп түйіндеді Тоқаев.