Қоғам

"Сонша ақшаны кім төледі?": Тоқаев сұхбатында қызықты дерек келтірді

© Photo : Facebook / Берік УәлиКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевпен қандай да бір келісімге келдіңіз бе деген сұраққа да жауап берді
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Алматыға шабуыл жасаған бандиттер қонақүйге өзінің командалық штабын орналастырған. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, Алматыға шабуылдаған бандиттік топтың ішінде есірткі шегіп алғандар болған. Сөйтіп олар жараланған кезде қатты ауырсынбаған.  
Қасым-Жомарт Тоқаев "шабуылдағандар арасында ақпараттық технологияларды жетік меңгергендер болған" деді. Тіпті бандиттердің кейбірі бес жұлдызды қонақүйде тұрған.
"Қызықты дерек. Бандиттік топтың бірі Алматыда бес жұлдызды қонақ үйде тұрған. Оларға сонша ақшаны кім төледі? Кім қаржыландырды? Сөйтіп, әлгі топ "Қазақстан" қонақ үйінің бірінші қабатына өздерінің командалық штабын орналастырған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бәрі анықталады", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев қандай да бір келісімге келді ме? Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қызметінен кете ме? Президент бұл сұрақтарға да жауап берді. Әрі өзінің мемлекет басшысы лауазымында отыру мерзіміне қатысты да пікір білдірді.
Сұхбатты бүгін сағат 20:00-де "Хабар 24" және "Хабар" арналарынан көре аласыздар.
Оқи отырыңыз: Әуежайдан қашқандарға көмектескен қыз: басып кірсе, артқы есіктен шығамыз деп ойладық 
Жаңалықтар
0