https://sputnik.kz/20220129/Toqaev-qytayga-qatysty-ustanymyn-zhariyalady-19240835.html
"Құдай қосқан көршіміз": Тоқаев Қытайға қатысты ұстанымын жариялады
"Құдай қосқан көршіміз": Тоқаев Қытайға қатысты ұстанымын жариялады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қытайды зерттеп, қытай тілін үйренуге шақырды 29.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-29T20:38+0500
2022-01-29T20:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18138583_0:0:3072:1738_1920x0_80_0_0_b486a5440edb517cbe25c3cc105f8931.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші Қытай Халық Республикасына қатысты өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекет басшысының айтуынша, Қытаймен серіктестік байланыс орнату керек. Оған қоса, Қазақстан көрші елдің нарығына тәуелді."Біздің стратегиялық маңызы бар өнімдерімізді, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпкерлер Қытай нарығына сеніп отырады. Оны жоққа шығара алмаймыз. Ал антиқытайлық наразылықтарды өткізетін адамдар, әрине, өзінің саяси мүдделерін көздейді. Бәлкім, олар біздің экономикамыздың сұранысын түсінбейді. Жалпы экономикалық мәселелерді білмейтін шығар. Оларға бегілі бір қорлардан және басқа да құрылымдардан ақша төленуі де мүмкін. Өйткені әлемдік қауымдастықта геосаяси араздықты туғызу әрекеті байқалады", - деп атап өтті Тоқаев.Мемлекет басшысы Қытайдың осы уақытқа дейін Қазақстанға ешқандай жамандық істемегенін еске салды. Ал екі елдің сауда-саттығы жыл сайын артып келеді. Былтыр он бір айдың ішінде тауар айналымы 17 миллиард долларға жетті. "Бұл – үлкен көрсеткіш. Сондықтан біз Қытаймен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығымызды ары қарай дамытуға мүдделіміз. Қытайды зерттеуіміз керек, қытай тілін үйренуіміз керек. Мен екі қолды көтеріп, Қытайға берілуді айтып отырған жоқпын. Біз оның мықты ел екенін түсінуіміз керек. Онымен қарым-қатынасымыз да жақсы болуға тиіс", - деді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18138583_0:34:2377:1528_1920x0_80_0_0_9b62272e84c699ec07702e108fbf1897.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"Құдай қосқан көршіміз": Тоқаев Қытайға қатысты ұстанымын жариялады
20:38 29.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қытайды зерттеп, қытай тілін үйренуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші Қытай Халық Республикасына қатысты өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдымен Қытайдың біздің ең жақын көршіміз екенін түсінуіміз керек. "Құдай қосқан көрші" дейді ғой. Ал көршіні ауыстыруға болмайды. Ол – бір. Екіншіден, Қытай экономикалық тұрғыда өте үлкен жетістіктерге жетті. Қытай жоғары технологиялар мен жасанды интеллект жағынан жетекші мемлекет болып саналады", - деді Тоқаев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қытаймен серіктестік байланыс орнату керек. Оған қоса, Қазақстан көрші елдің нарығына тәуелді.
"Біздің стратегиялық маңызы бар өнімдерімізді, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпкерлер Қытай нарығына сеніп отырады. Оны жоққа шығара алмаймыз. Ал антиқытайлық наразылықтарды өткізетін адамдар, әрине, өзінің саяси мүдделерін көздейді. Бәлкім, олар біздің экономикамыздың сұранысын түсінбейді. Жалпы экономикалық мәселелерді білмейтін шығар. Оларға бегілі бір қорлардан және басқа да құрылымдардан ақша төленуі де мүмкін. Өйткені әлемдік қауымдастықта геосаяси араздықты туғызу әрекеті байқалады", - деп атап өтті Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қытайдың осы уақытқа дейін Қазақстанға ешқандай жамандық істемегенін еске салды. Ал екі елдің сауда-саттығы жыл сайын артып келеді. Былтыр он бір айдың ішінде тауар айналымы 17 миллиард долларға жетті.
"Бұл – үлкен көрсеткіш. Сондықтан біз Қытаймен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығымызды ары қарай дамытуға мүдделіміз. Қытайды зерттеуіміз керек, қытай тілін үйренуіміз керек. Мен екі қолды көтеріп, Қытайға берілуді айтып отырған жоқпын. Біз оның мықты ел екенін түсінуіміз керек. Онымен қарым-қатынасымыз да жақсы болуға тиіс", - деді Тоқаев.