https://sputnik.kz/20220129/Toqaev-Putin-esep-19240668.html
Тоқаев: Путинмен "содан кейін есептесеміз" деген әңгіме болған жоқ
Тоқаев: Путинмен "содан кейін есептесеміз" деген әңгіме болған жоқ
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті ақпан айының ортасында Мәскеуге сапармен баратынын хабарлады 29.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-29T20:13+0500
2022-01-29T20:13+0500
2022-05-23T14:39+0500
қаңтар оқиғасы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18281570_0:4:2915:1643_1920x0_80_0_0_663c766acf0f42ebe1969a0a2b494eaf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин қаңтар оқиғасы кезінде әскери көмек бергені үшін ешқандай "ақы" талап етпегенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тоқаев ақпан айының ортасында Мәскеуге сапармен баратынын хабарлады. Екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою жоспарлануда.Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Алматыда бейбіт митингінің соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылдаушылардың қолында болған. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге кірісті.19 қаңтарда бітімгершілік операциясы аяқталды. Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің соңғы бөлімшесі және Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Алматыдан тұрақты орналасу пунктеріне аттанды. Қазіргі таңда бүкіл әскери контингент толық шығарылды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18281570_91:0:2822:2048_1920x0_80_0_0_f817bce58f3e2394517f8f3b9cf8c067.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Тоқаев: Путинмен "содан кейін есептесеміз" деген әңгіме болған жоқ
20:13 29.01.2022 (жаңартылды: 14:39 23.05.2022) Қазақстан президенті ақпан айының ортасында Мәскеуге сапармен баратынын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин қаңтар оқиғасы кезінде әскери көмек бергені үшін ешқандай "ақы" талап етпегенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Владимир Владимировичпен біздің "қарыздар болатынымыз" туралы ешқандай әңгіме болмағанын жауапкершілікпен мәлімдеймін", - деді Тоқаев ҰҚШҰ контингентін тарту туралы сұраққа жауап бере отырып.
Тоқаев ақпан айының ортасында Мәскеуге сапармен баратынын хабарлады. Екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Алматыда бейбіт митингінің соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылдаушылардың қолында болған. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге кірісті.
19 қаңтарда бітімгершілік операциясы аяқталды. Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің соңғы бөлімшесі және Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Алматыдан тұрақты орналасу пунктеріне аттанды. Қазіргі таңда бүкіл әскери контингент толық шығарылды.