Қоғам

Президент қазақ байларына неге ренжіді?  

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане
Люди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Тоқаев Қазақстанда қыруар қаржы тауып, артынан шетелге кетіп қалғандар сол ақшаны наразылықтарды ұйымдастыруға және адамдарды бір-біріне айдап салуға жұмсап жатқанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен өзбек байларын салыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда қыруар қаржы тауып, артынан шетелге кетіп қалғандар бар. Енді ол ақшаны наразылықтарды ұйымдастыруға және адамдарды бір-біріне айдап салуға жұмсап жатыр. Мен кейде біздікілерді Өзбекстанның байларымен салыстырып отырамын. Олар қыруар қаржыны өз елінен тыс жерде тапқан. Бірақ тарихи отанына барып, Өзбекстан президентінен "өзбек халқына не істей аламыз, қандай пайдамызды тигізе аламыз" деп сұрайды екен. Сөйтіп өз ақшасына аурухана салып, инфрақұрылым тартып береді", - деді Тоқаев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.
Президенттің айтуынша, қазақ пен өзбек олигархтарының негізгі айырмашылығы осы.
"Біздікілер осында жүрсе де, шетелде жүрсе де, өз еліне шабуыл жасайды", - деп ренішін білдірді Тоқаев.
Жаңалықтар
0