Видео

Елордада Холокост құрбандарын еске алуға арналған көрме өтіп жатыр – видео

Жазылу
Осыдан тура 77 жыл бұрын ірі фашистік концлагерлердің бірі азат етілді. Нұр-Сұлтан қаласында осыған орай Холокост құрбандарын еске алуға арналған көрме ашылды
Жарқын болашақ құру үшін өткенді ұмытпау – жуырда елордада ашылған көрмені осылай сипаттауға болады.
Көрме Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлерді жаппай қырып-жою және Холокост құрбандарын еске алуға арналған. "Сон разума" көрмесі Еске алу аптасы аясында өтіп жатыр.
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 27 қаңтар бүкіл әлемде Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді.
Биыл кеңес әскерінің нацистік "Аушвиц" (Освенцим) концлагерін азат еткеніне 77 жыл толды. Концлагерьде бір миллионға жуық еврей өлтірілген еді.
Жоба ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, "Холокост" ғылыми-ағартушылық орталығы.
Көрме жайлы толығырақ біздің видеодан көріңіз.
Жаңалықтар
0