Оқиға

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Тас жолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығыстан. Жүк көлігі Өзбекстанда тіркелген болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында жол апаты бес адамның өмірін қиды. Қаза болғандардың екеуі – кәлеметке толмаған балалар, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Трагедия 28 қаңтар 16:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолының 71 шақырымында болды.
Атырау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен төрт жолаушы (екеуі – кәмелетке толмаған балалар)  оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0