Спорт

Әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады: Әлімханұлының қарсыласы анықталды

© AFP 2024 / Yong Teck Lim Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы
 Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Жекпе-жек бойынша келіссөздерді бастап, келісімге келу үшін 10 күн уақыт берілді
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) арасында "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Sports.kz.
WBO Әлімханұлы мен Фалькаоның жекпе-жектерін ұйымдастырумен айналысатын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумға, сондай-ақ боксшылардың командасына жолданған хатты жариялады.
Хатта тараптарға жекпе-жек бойынша келіссөздерді бастап, келісімге келу үшін осы бұйрық шыққан күннен бастап 10 күн уақыт берілгені айтылған.
Белгіленген мерзімде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда WBO ережелеріне сәйкес ромоутерлік сауда-саттық рәсімі басталады.
Орта салмақтағы ең аз қолайлы ставка 200 000 долларды құрайды. Қатысушы тараптардың кез келгені келіссөздер барысында кез келген уақытта промоутерлік сауда-саттық рәсімін сұрай алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін орта салмақ дәрежесінде WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде екінші орта салмаққа көтерілуді жөн көріп, Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартқан болатын.
Оқи отырыңыз: Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды – видео 
Жаңалықтар
0