Қазақстанда тағы 12 мыңға жуық адам вирус жұқтырды
08:02 29.01.2022 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023)
© AFP 2024 / BARBARA GINDLАрхивтегі сурет
© AFP 2024 / BARBARA GINDL
Жазылу
29 қаңтардағы мәлімет бойынша республикада індетке шалдыққан 10 мыңнан астам қазақстандық стационарда жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 11 753 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 1 930,
- Алматы қаласында - 2 253,
- Шымкент қаласында – 130,
- Ақмола облысында – 877,
- Ақтөбе облысында - 408,
- Алматы облысында - 582,
- Атырау облысында - 267,
- Шығыс Қазақстан облысында - 407,
- Жамбыл облысында - 302,
- Батыс Қазақстан облысында - 495,
- Қарағанды облысында - 1 797,
- Қостанай облысында -595,
- Қызылорда облысында -97,
- Маңғыстау облысында - 147,
- Павлодар облысында - 970,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 430,
- Түркістан облысында - 66.
Пандемия басталғалы республикада індетке шалдыққандар саны 1 216 522 адамға жетті.
29 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде 159 472 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 10 161 пациент стационарда, 149 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 381 адамның жағдайы ауыр;
- 166 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 98 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.