Қоғам

Президент қаңтардағы оқиға туралы: бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз

© AP Photo / Vladimir TretyakovДемонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Демонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты, деді Тоқаев
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде қаңтарда болған қасіретке енді жол берілмейтінін айтты.
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың қаңтардың басында қайғылы оқиғаны бастан өткергенін айтып, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екенін жеткізді.
"Өздеріңізге мәлім, қаңтардың басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы шұғыл шаралар қабылданып, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс берілгенін айтты. Заңдылық пен қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді. 
"Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық. Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз. Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз. Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда барлық саланы қайта жаңғырту міндеті тұр. Бұл мемлекеттік аппаратты ғана жаңарту деген сөз емес", - деді ол.
Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады, деді Тоқаев.
Айта кетері, Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде партия төрағасы болып сайланды.
Жаңалықтар
0