https://sputnik.kz/20220128/Turkistanda-apkesi-men-inisi-25-zhyldan-keyin-qauyshty-19234388.html
Түркістан облысында әпкесі мен інісі 25 жылдан кейін қайта қауышты
Түркістан облысында әпкесі мен інісі 25 жылдан кейін қайта қауышты
Sputnik Қазақстан
Ата-анасы қайтыс болған соң бауырлар бір-бірінен ажырауға мәжбүр болған, қыз туыстарының қолында қалған, ал екі інісін балалар үйіне берген 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-28T14:02+0500
2022-01-28T14:02+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19233317_0:67:1200:742_1920x0_80_0_0_7388abe5cefbcf64afe7003288ff429a.jpg
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полициясы әйелге 25 жыл бұрын жоғалып кеткен бауырын табуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.Облыстық полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, Төле би ауданындағы ауылдардың бірінде бәзбіреулердің жігітті тұтқында ұстап отырғаны туралы арыз түсірген. Полиция жағдайды қылмыстық кодекстің 126-бабы (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша тіркеп, департамент қызметкерлері тергеу әрекеттеріне кіріскен.Нәтижесінде полиция жігіттің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болғанын, содан ол балалар үйінде, интернатта тәрбиеленгенін анықтады. Ер жеткен соң 10 жыл бойы облыс аудандарындағы түрлі шаруашылықта жалдамалы жұмысшы болған. Сол жылдарда жұмыс берушілер тарапынан азап көрген.Жігіт өзінің жақын туыстарын танымайды, есінде ешкім қалмаған. Алайда полиция оның туыстарын бірнеше сағат ішінде тапты. Олардың Түркістан қаласының жанындағы Сауран ауданында тұратыны анықталды.Тәртіп сақшылары жігіттің үлкен әпкесі мен жездесін полиция департаментіне алып келді. Ширек ғасыр бойы кездеспеген бауырлар осы жерде қауышты.Әпкесінің айтуынша, ата-анасы бала күнінде қайтыс болған. Қыз туыстарының қолында қалған, ал бауырын балалар үйіне берген. Ол кезде үлкен інісі 9 жаста, кішкентайы 4 жаста болған. Кейінгі екі жылда інісін өз бетінше табуға тырысқан, алайда нәтижелі болмаған. Алайда ол полициядан көмек сұрамаған.Оқи отырыңыз: Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы 17 жылдан кейін туыстарын тапты
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19233317_62:0:1139:808_1920x0_80_0_0_5f0e2ee7f47c593850defa832122bdfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркістан облысында әпкесі мен інісі 25 жылдан кейін қайта қауышты
14:02 28.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ата-анасы қайтыс болған соң бауырлар бір-бірінен ажырауға мәжбүр болған, қыз туыстарының қолында қалған, ал екі інісін балалар үйіне берген
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полициясы әйелге 25 жыл бұрын жоғалып кеткен бауырын табуға көмектесті, деп хабарлайды
Polisia.kz. Облыстық полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, Төле би ауданындағы ауылдардың бірінде бәзбіреулердің жігітті тұтқында ұстап отырғаны туралы арыз түсірген. Полиция жағдайды қылмыстық кодекстің 126-бабы (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша тіркеп, департамент қызметкерлері тергеу әрекеттеріне кіріскен.
Нәтижесінде полиция жігіттің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болғанын, содан ол балалар үйінде, интернатта тәрбиеленгенін анықтады. Ер жеткен соң 10 жыл бойы облыс аудандарындағы түрлі шаруашылықта жалдамалы жұмысшы болған. Сол жылдарда жұмыс берушілер тарапынан азап көрген.
Жігіт өзінің жақын туыстарын танымайды, есінде ешкім қалмаған. Алайда полиция оның туыстарын бірнеше сағат ішінде тапты. Олардың Түркістан қаласының жанындағы Сауран ауданында тұратыны анықталды.
Тәртіп сақшылары жігіттің үлкен әпкесі мен жездесін полиция департаментіне алып келді. Ширек ғасыр бойы кездеспеген бауырлар осы жерде қауышты.
Әпкесінің айтуынша, ата-анасы бала күнінде қайтыс болған. Қыз туыстарының қолында қалған, ал бауырын балалар үйіне берген. Ол кезде үлкен інісі 9 жаста, кішкентайы 4 жаста болған.
Кейінгі екі жылда інісін өз бетінше табуға тырысқан, алайда нәтижелі болмаған. Алайда ол полициядан көмек сұрамаған.