https://sputnik.kz/20220128/Resey-universitet-Bolashaq-19234073.html
Ресей университеттері "Болашақ" бойынша оқытатын оқу орындарының тізіміне енді
Ресей университеттері "Болашақ" бойынша оқытатын оқу орындарының тізіміне енді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық студенттер "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ресейдің тағы бес жетекші университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болды 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-28T13:34+0500
2022-01-28T13:34+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/17/15280454_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d64e6a6e5e33b79326e1380fce13c900.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ресейдің жетекші техникалық университеттері "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқытатын жоғары оқу орындарының тізіміне енді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, "MИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді.Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта "МИСиС" Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.Айта кетері, 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы білім реформалары мен "Болашақ" бағдарламасына қатысты күрделі өзгерістерді жария етті."Мен жалпы елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлер мен тағы басқаларын тым көп шығарамыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. Біз "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз", - деген болатын Тоқаев.Оқи отырыңыз: "Қазақ жастары технарь болуы керек": Тоқаев білім саласын өзгерткісі келетінін айтты
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/17/15280454_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_658b83ace9578908b06b6aeb15c30bd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ресей университеттері "Болашақ" бойынша оқытатын оқу орындарының тізіміне енді
13:34 28.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстандық студенттер "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ресейдің тағы бес жетекші университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болды
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ресейдің жетекші техникалық университеттері "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқытатын жоғары оқу орындарының тізіміне енді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, "MИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді.
Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта "МИСиС" Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Айта кетері, 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы білім реформалары мен "Болашақ" бағдарламасына қатысты күрделі өзгерістерді жария етті.
"Мен жалпы елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлер мен тағы басқаларын тым көп шығарамыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. Біз "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз", - деген болатын Тоқаев.