Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы атысты тоқтатуға келісті

© Sputnik / Табылды КадырбековПограничник в Кыргызстане
Пограничник в Кыргызстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Екі елдің делегациясы оқиға басталған жерге келді. Баткен – Исфана тасжолы ашылды
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада атысты толық тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлады Қырғыз Республикасы ҰҚМК шекара қызметі.
Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдерінің арасындағы келіссөз нәтижесінде қос тарап мынадай келісімге келді:
  • атысты толық тоқтату;
  • екі тарап шекараға тартылған қосымша күштер мен құралдарды тұрақты орындарына қайтару;
  • Баткен – Исфана жолында қозғалысты ашу;
  • жанжалдың алдын алу мақсатында шекара маңындағы аудандарды Қырғызстан мен Тәжікстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлесіп бақылауы.
Екі елдің делегациясы оқиға басталған Торт-Кочо аймағына келді. Баткен – Исфана тасжолында қозғалысқа кедергі жоқ.

Жанжал неден шықты – Қырғызстан нұсқасы

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, шамамен сағат 17:50-де қарапайым адамдар Торт-Кочо аймағына тас тиелген жүк көліктерімен келген. Тәжікстан азаматтары тасты түсіріп, Баткен – Исфана тасжолын жапқан. Олардың жанында тәжікстандық шекарашылар болған. Екі елдің шекара өкілдері кездескеннен кейін автожол қозғалысы ашылды. Алайда мәселенің шешілгеніне қарамастан тәжік тарапы шекараның Чыр-Добо деген жерінде Қырғызстанның әскери қызметшілеріне оқ жаудырған. Олар мина атқыш пен граната атқыш қолданған, деп жазды Sputnik Қырғызстан.
Артынша тәжікстандық шекарашылар Торт-Кочо аймағында қырғыз әскери қызметшілеріне қарсы қару қолданған.

Шекарада не болды – Тәжікстан нұсқасы

Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, 27 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:20-да Баткен облысының Ақсай елді мекенінің елуден астам тұрғыны Ходжаи Аъло елді мекені маңындағы көпірде Тәжікстан азаматының көлігін мәжбүрлі түрде тоқтатты.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, ер адам Тәжікстан аумағы арқылы Ходжаи Аъло елді мекенінен Исфарин ауданының Сомониен ауылына қарай құм тасыған.
Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында Баткен облысының жергілікті билік органдары мен Согды облысы Исфара қаласының құқық қорғау органдарының өкілдері деңгейінде кездесу жоспарланған, деп жазды Sputnik Тәжікстан.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше қырғыз тарапы кездесуге келмеген.
"Оның орнына жергілікті уақыт бойынша шамамен 18:10-да көпірдің бойымен (275 метр) атысқа дайындалған қырғыз шекарашылары Тәжікстанның бейбіт азаматтарына атыс қаруынан оқ жаудырды", - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ Тәжікстан мен Қырғызстанды оқ атуды тоқтатуға шақырды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась қауіпсіздік кеңесінің Тәжікстандағы хатшысы Насрулло Махмудзода және Қырғызстандағы хатшысы Марат Иманқұловпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме кезінде ҰҚШҰ төрағасы тараптарды шекарадағы атысты дереу тоқтатуға шақырды.
"Шекарада қайтадан басталған қақтығыстар үлкен алаңдаушылық тудырып отыр, салдарынан жараланғандар бар. Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығыс дереу тоқтатылуға тиіс", - деді Зась.
Ол тәжік-қырғыз шекарасында туындаған жанжалды тек келіссөз үстелінде бейбіт жолмен шешу керек екенін айтты.
Бас хатшы ҰҚШҰ Тәжікстан мен Қырғызстанға жанжалды шешуде қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0